1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№36 баспасөз релизі. 2021 жылдың қараша айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың қараша айында инфляция
0,7% (2020 жылғы қарашада – 0,9%) болды.

Жылдық инфляция 8,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,3%-ға, ақылы қызметтер – 6,4%-ға көтерілді.

2021 жылғы қарашада халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 10,8% болды.

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы қарашада алдын ала деректер бойынша, 0,9%-ға (жылдың басынан бастап 0,4%-ға төмендеді) төмендеп,
35,5 млрд АҚШ долларын құрады.

Резервтердің төмендеуі жүргізілген интервенциялар, мемлекеттік борышты төлеу және Үкіметтің шоттары бойынша басқа да операциялар есебінен болды. Алтын портфелінің өсуі басым құқықты іске асыру шеңберінде алтын сатып алу есебінен валюталық активтердің төмендеуін ішінара реттеді.

Алдын ала деректер бойынша, елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (54,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы қарашаның соңында 90,4 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы қарашада 0,7%-ға кеңейіп, 10 476,2 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 7,1%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 4,6%-ға 6 150,9 млрд теңгеге дейін кеңейді (жыл басынан бастап – 20,9%-ға кеңейді).

2021 жылғы қарашада ақша массасы 1,1%-ға азайып, 28 695,9 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 15,2%-ға өсті), айналымдағы қолма-қол ақша 2 905,4 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға азайды (жыл басынан бастап 2,7%-ға өсті).

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2021 жылғы 6 желтоқсанда базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[1] 2021 жылғы қарашада пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2021 жылғы қарашада TONIA орташа алынған мәні жылдық 9,5% болды (2021 жылғы қазанда – 9,1%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2021 жылғы қарашаның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 3,9 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 350,0 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 1 416,6 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 15,8%-ға төмендеп, 2021 жылғы қарашаның соңында 2 473,2 млрд теңге болды.

2021 жылғы қарашада жалпы сомасы 1 654,1 млрд теңгеге 6 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 329,6 млрд теңгеге 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,65%), 224,5 млрд теңгеге 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,81%), 100,0 млрд теңгеге жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,84%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2021 жылғы қарашада 2 018,3 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2021 жылғы қарашада 414,3 млрд теңгеге орта мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. 2021 жылғы қарашада барлығы 18 облигация шығарылымы орналастырылды, онда 2 жылдан 15 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,40%-дан 10, 87%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы қарашада 3,9%-ға өсіп, 10 953,8 млрд теңге[1] болды.

Биылғы қарашаның соңында тәуекелсіз кірістілік қисығы[2] алдыңғы айдың соңына қатысты бүкіл кезеңде өсті.

  1. Валюта нарығы

2021 жылғы қарашада теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 427,63 – 434,20 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы қарашаның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,7%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 434,20 теңге болды.

Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 14,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 3,7 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 11,2 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 57,7% немесе 6,5 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылғы қазанда – 74,6% немесе 6,8 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.

2021 жылғы қарашада халық нетто-негізде 431,0 млрд теңгеге балама қаржыға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар
1,5 есе ұлғайды (2021 жылғы қазанда – 294,5 млрд теңге), 2020 жылдың осы кезеңіне қарағанда (283,7 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 1,5 есе ұлғайды. Шығыстың негізгі көлемі 68,6% немесе 295,5 млрд теңге – АҚШ долларын, 20,6% немесе 88,8 млрд теңге – Ресей рублін, 10,8% немесе 46,4 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алу шығысы 1,6 есе ұлғайды (өсу 1,4 есе ж/ж), Ресей рублін сатып алу – 23,0%-ға ұлғайды (өсу 1,7 есе ж/ж) және еуроны сатып алу шығысы – 37,5%-ға өсті (өсу 1,7 есе ж/ж).

  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,8%-ға төмендеп (жылдық мәнде өсу 17,5% болды), 2021 жылғы қарашаның соңында 25 790,5 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 066,0 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 12 724,5 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 190,4 млрд теңгеге дейін 3,4%-ға азайды, шетел валютасында 9 600,2 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы қарашаның соңында 37,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы қарашада 8 040,1 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға төмендеді, шетел валютасында – 5 025,9 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 38,5%-ы) төмендеді.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 150,3 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға төмендеді, шетел валютасында 4 574,2 млрд теңгеге дейін 8,3%-ға өсті (жеке тұлғалар депозиттерінің 35,9%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,7%-ға төмендеп, 17 860,6 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 441,1 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 419,5 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қарашада 7,5% (2020 жылғы қарашада – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,4% (9,3%) болды.

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,7%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 21,8% болды), 2021 жылғы қарашаның соңында 17 838,2 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 497,1 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға, жеке тұлғаларға – 10 341,1 млрд теңгеге дейін 4,1%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 976,5 млрд теңгеге дейін 3,7%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,8%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 4,1%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 861,7 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 4,0%-ға өсті, жеке тұлғаларға кредиттер – 1,8%-ға төмендеді. 2021 жылғы қарашаның соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 89,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды. 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 15 435,2 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 403,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қарашада 3 550,8 млрд теңгеге дейін 9,0%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің
47,4%-ы).

2021 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,9% (2020 жылғы қарашада – 11,9%), жеке тұлғаларға – 17,6% болды (14,9%).

  1. Төлем жүйелері

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2021 жылғы қарашада Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 77,9 трлн теңгеге 5,2 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қазанмен салыстырғанда саны бойынша 5,6%-ға, сомасы бойынша – 26,0%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,5 трлн теңгеге 237,8 мың транзакция жүргізілді.

2021 жылғы 1 желтоқсанда 19 банк пен «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 58,6 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы қарашада төлем карточкаларының 50,9%-ы (29,8 млн) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы қарашада 9,2 трлн теңгеге 632,1 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы қазанмен салыстырғанда транзакциялар саны 3,0%-ға, сомасы – 0,8%-ға азайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,7% (611,3 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі – 80,5% (7,4 трлн теңге).

2021 жылғы қарашада халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 94,7 млрд теңгеге 0,3 млн аударым болды. 2021 жылғы қазанмен салыстырғанда, ақша аударымдарының көлемі 0,05%-ға төмендеді. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемі ішінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санының 76,7%-ы (0,2 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасының 91,9%-ы (87,0 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 23,3%-ы (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасының 8,1%-ы (7,7 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 22,9 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қарашада 134,9 млрд теңгеге немесе 1%-ға ұлғайып, 13 368,8 млрд теңге болды.

2021 жылғы қарашада зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2021 жылғы 1 желтоқсанда 6 895 млрд теңгеге дейін 128,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы 1 желтоқсанда 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы қарашада зейнетақы төлемдерінің сомасы 129,9 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы 1 желтоқсанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 38,8%-ы және 24,8%-ы) алады.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ себетінің бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] Теңгемен айналымдағы МБҚ (шетел валютасында МБҚ есепке алмағанда)

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға