1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№21 баспасөз релизі. 2021 жылдың қыркүйек айындағы қаржы нарығындағы ахуал туралы

  1. Инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың қыркүйек айында инфляция 0,4% (2020 жылы қыркүйекте – 0,3%) болды.

Жылдық инфляция 8,9% (2020 жылы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,5%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,8%-ға өсті.

Биыл қыркүйекте халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 9,0% болды.

  1. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылдың қыркүйек айында 3,4%-ға (жылдың басынан бастап 0,2%-ға) төмендеп, 35,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Резервтердің төмендеуі, негізінен, қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі және АҚШ долларының нығаюы салдарынан бағалы металдар бағасы құлдырап, алтын портфелі құнының төмендеуі есебінен болды. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер де ЕДБ корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуінен, сондай-ақ ҚР мемлекеттік борышын төлеу есебінен төмендеді.

Алдын ала деректер бойынша, елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,1 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы қыркүйектің соңында 90,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы қыркүйекте 3,8%-ға кеңейіп, 10 689,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 9,3%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7,7%-ға 5 815,6 млрд теңгеге дейін тарылды (жыл басынан бастап – 14,3%-ға кеңейді).

2021 жылғы қыркүйекте ақша массасы 2,8%-ға ұлғайып, 28 850,3 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 15,8%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 984,3 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 5,5%-ға өсті).

  1. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банк 2021 жылдың 25 қазанында базалық мөлшерлемені +/- 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

Ақша нарығында ақша-кредит саясаты операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[1] 2021 жылғы қыркүйекте пайыздық дәліз ішінде қалыптасты. 2021 жылғы қыркүйекте TONIA орташа алынған мәні жылдық 9,0% болды (2021 жылғы тамызда – 9,1%).

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2021 жылы қыркүйек соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 5,2 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 9,6 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 412,4 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 2 014,1 млрд теңге болды.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 13,2%-ға азайып, 2021 жылы қыркүйек соңында 2 741,2 млрд теңге болды.

2021 жылғы қыркүйекте жалпы сомасы 1 621,9 млрд теңгеге 5 аукцион өткізілді, оның ішінде 1 241,2 млрд теңгеге 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 3 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,30%), 280,7 млрд теңгеге 3 айлық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,35%), 100 млрд теңгеге жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 9,59%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2021 жылғы қыркүйекте 2 275,2 млрд теңге болды.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2021 жылғы қыркүйекте 172,3 млрд теңгеге орта мерзімді (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді (МЕУКАМ) мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды. 2021 жылғы қыркүйекте барлығы 12 облигация шығарылымы орналастырылды, онда 3 жылдан 15 жылға дейін өтеу мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,40%-дан 10, 81%-ға дейін болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2021 жылғы қыркүйекте 1,7%-ға өсіп, 10 341,4 млрд теңге[2] болды.

Биыл қыркүйектің соңында тәуекелсіз кірістілік қисығы[3] базалық мөлшерлеменің көтерілуі аясында алдыңғы айдың соңына қатысты жоғарылады.

  1. Валюта нарығы

2021 жылғы қыркүйекте теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 423,92 – 426,49 теңге аралығында өзгерді. 2021 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,1%-ға аздап әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 425,75 теңге болды.

Теңге-АҚШ доллары валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,7 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,8 млрд АҚШ долларына, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 9,8 млрд АҚШ долларына теңесті. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 70,6% немесе 6,9 млрд АҚШ долларын құрады (2021 жылғы тамызда – 68,3% немесе 6,8 млрд АҚШ доллары), бұл олардың меншікті капиталды валюталық тәуекелдерден хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасының сұранысы немесе ұсынысы арақатынасына әсер етпейді.

2021 жылғы қыркүйекте халық нетто-негізде 302,5 млрд теңгеге балама боларлық қаржыға қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 24,5%-ға ұлғайды (2021 жылғы тамызда – 242,9 млрд теңге), 2020 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (289,3 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 4,5%-ға ұлғайды. Шығыстың негізгі көлемі 65,3% немесе 197,4 млрд теңге – АҚШ долларын, 22,0% немесе 66,6 млрд теңге – Ресей рублін, 12,4% немесе 37,5 млрд теңге – еуроны сатып алуға бағытталды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алу шығысы 34,4%-ға (өсу 7,2% ж/ж), Ресей рублін алу шығысы – 2,3%-ға (төмендеу 7,6% ж/ж) және еуроны алу шығысы – 23,2%-ға өсті (өсу 15,3% ж/ж ).

  1. Депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 21% болды), 2021 жылғы қыркүйектің соңында 25 866,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 493,5 млрд теңгеге дейін 5,8%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 12 372,5 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 496,3 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 369,7 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы қыркүйектің соңында 36,2% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы қыркүйекте 8 362,6 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға, шетел валютасында – 5 131,0 млрд теңгеге дейін 6,4%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 38%-ы) өсті.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 133,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, шетел валютасында 4 238,8 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 34,3%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 3,3%-ға ұлғайып, 17 766,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 488,3 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 277,9 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы қыркүйекте 7,4% (2020 жылғы қыркүйекте – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,3% (9,8%) болды.

  1. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,1%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 18,3% болды), 2021 жылғы қыркүйектің соңында 16 964,0 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға кредиттер көлемі бір айда 7 370,5 млрд теңгеге дейін 2,1%-ға, жеке тұлғаларға – 9 593,5 млрд теңгеге дейін 3,9%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 15 029,5 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,0%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 3,9%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 934,4 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 2,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер – 11,0%-ға азайды. 2021 жылғы қыркүйектің соңында теңгемен кредиттердің үлес салмағы 88,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 87,0%) болды.

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 14 623,9 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі – 2 340,0 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2021 жылғы қыркүйекте 3 197,1 млрд теңгеге дейін 10,5%-ға ұлғайды (корпоративтік сектор кредиттерінің жалпы көлемінің 43,4%-ы).

Корпоративтік секторды сала бойынша бөлуде банктердің экономикаға берген кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (корпоративтік сектордың жалпы көлеміндегі үлесі – 32,0%), сауда (21,3%), құрылыс (7,5%) және көлік (5,4%) сияқты салаларға тиесілі.

2021 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,8% (2020 жылғы қыркүйекте – 12,1%), жеке тұлғаларға – 17,5% болды (17,3%).

  1. Төлем жүйелері

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары мен төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2021 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 68,1 трлн теңгеге 5,2 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы тамызбен салыстырғанда саны бойынша 5,5%-ға азайды, сомасы бойынша – 7,5%-ға ұлғайды). Орташа алғанда бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,1 трлн теңгеге 234,9 мың транзакция жүргізілді.

2021 жылғы 1 қазанда 19 банк және «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды. Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 56,1 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы қыркүйекте төлем карточкаларының 47,0%-ы (26,3 млн) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2021 жылғы қыркүйекте 8,8 трлн теңгеге 626,4 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы тамызбен салыстырғанда транзакциялар саны 1,7%-ға, сомасы – 2,2%-ға ұлғайды). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланылған операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 96,5% (604,6 млн транзакция) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 79,5% (7,0 трлн теңге) болды.

2021 жылғы қыркүйекте халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 102,1 млрд теңгеге 0,3 млн аударым болды.  2021 жылғы тамызбен салыстырғанда ақша аударымдарының көлемі 3,1%-ға ұлғайды. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санының 93,7%-ы (0,2 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасының 95,3%-ы (97,3 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы жалпы санының 6,3%-ы (0,02 млн транзакция) және жалпы сомасының 4,7%-ы (4,8 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 24,1 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды.

  1. Зейнетақы жүйесі

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қыркүйекте 143,1 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға ұлғайып, 13 088,9 млрд теңге болды.

2021 жылғы қыркүйекте зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2021 жылғы 1 қазанда 6 641 млрд теңгеге дейін 148,5 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескергенде) 2021 жылғы
1 қазанда 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы қыркүйекте зейнетақы төлемдерінің сомасы 137,9 млрд теңгені құрады.

2021 жылғы 1 қазанда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары мен Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (тиісінше зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 37,9%-ы және 24,6%-ы) алады.

[1] Ең төменгі және ең жоғары кірістілігі бар мәмілелердің 5%-ын қысқарта отырып, МБҚ себетінің бағалы қағаздармен бір күндік репо операциялары кірістілігінің орташа алынған мәні

[2] Теңгемен айналыстағы МБҚ (шетел валютасында МБҚ есепке алмағанда)

[3] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефон арқылы алуына болады:
+7 (7172) 77-52-10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға