1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржы нарығындағы ахуал туралы

1. 2020 жылғы маусымдағы инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2020 жылғы маусымда инфляция 0,4% (2019 жылғы маусымда – 0,2%) болды.

Жылдық инфляция 7,0% деңгейде қалыптасты (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%). Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 5,4%-ға, ақылы қызмет бағасы – 3,0%-ға өсті.

2020 жылғы маусымда халықтың пікіртерімі нәтижелері бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 5,4% болды.

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті, FusionLab

2. 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2020 жылғы маусымда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, 4,2%-ға немесе 32,9 млрд АҚШ долларына дейін 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Халықаралық резервтердің өсуі алтын портфелі өсуімен және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі шоттары мен депозиттерінде қаражаты ұлғаюымен байланысты.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,7 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, алдын ала деректер бойынша, 2020 жылғы маусымның соңында 90,6 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2020 жылғы маусымда 2,1%-ға (жыл басынан бері 22,3%-ға кеңейді) кеңейіп, 8 428,3 млрд теңге болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 036,9 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға (жыл басынан бері 7,3%-ға) тарылды.

2020 жылғы маусымда ақша массасы 1,0-ға (жыл басынан бері 6,2%-ға) ұлғайып, 22 651,5 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 784,1 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға (жыл басынан бері 21,0%-ға) ұлғайды.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2020 жылғы 8 маусымдағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-2 п.т. дәлізімен жылдық 9,5% деңгейінде сақталды. Ұлттық Банк 2020 жылғы 20 шілдеде пайыздық дәлізді +/- 1,5 п.т. дейін тарылтып, базалық мөлшерлемені[1] жылдық 9,00% деңгейге дейін төмендету шешімін қабылдады. Бұл шешім карантинді қатаңдату жөніндегі шаралардың салдарынан Қазақстан экономикасына әсерді реттеуге мүмкіндік береді және экономика өсуін қалпына келтіру процесін қолдайды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[2] 2020 жылғы маусымда пайыздық дәліздің төменгі шегі мен базалық мөлшерлеменің арасында басымдықпен қалыптасты. 2020 жылғы маусымда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,41% (2020 жылғы мамырда – 8,43%) болды.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2020 жылғы маусымның соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,4 трлн теңге болды.

Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша ашық позициясының көлемі 145,5 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 253,9 млрд теңге болды. Депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділік көлемі 878,0 млрд теңгені құрады.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі 2020 жылғы маусымның соңында бір айда 3,9%-ға ұлғайып, 3 283,6 млрд теңге болды.

2020 жылғы маусымда 1 315,9 млрд теңге жалпы сомада 8 аукцион өткізілді, оның ішінде 929,2 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 9,61%), 166,9 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,01%), 133,4 млрд теңге сомаға жартыжылдық ноттар бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,41%), 86,4 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 10,69%) өткізілді.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2020 жылғы маусымда 853,3 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Қаржымині) 312,9 млрд теңге сомаға қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕОКАМ) және ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастырды. Жалпы алғанда 10 аукцион өткізілді,онда 1 жылдан 10 жылға дейінгі өтеуге дейінгі мерзімі бар мемлекеттік бағалы қағаздар (бұдан әрі – МБҚ) орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 10,72% - 10,94% дейінгі аралықта болды.

Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2020 жылғы маусымда 3,1%-ға ұлғайып, 9 410,4 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарының кірістілігі төмендеу аясында 1 жылға дейінгі сегментте 2020 жылғы шілденің басында кірістіліктің тәуекелсіз қисығы[1] 2020 жылғы маусымның басындағы деңгейден төмен ауысты. Жалпы алғанда бір жылға дейінгі мерзімі бар бағалы қағаздардың кірістілігі барынша ұзақ мерзімдерге қарағанда жоғары болып қалуда.

4. 2020 жылғы маусымдағы валюта нарығы

2020 жылғы маусымда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 397,27 - 408,56 теңге аралығында өзгерді. 2020 жылғы маусымның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,8%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 11,3 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 9,2 млрд АҚШ доллары болды. Бір еншілес банктің биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлеміндегі үлесі 78,8% немесе 7,2 млрд АҚШ доллары (2020 жылғы мамырда – 72,4% немесе 5,3 млрд АҚШ доллары) болды, бұл олардың меншікті капиталын валюталық тәуекелдерден хеджирлеуімен байланысты болды. Аталған операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді.

2020 жылғы маусымда халық нетто-негізде 193,4 млрд теңгеге балама сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алды (2020 жылғы мамырда – 146,2 млрд теңге). Шығындардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 73,2% немесе 141,5 млрд теңге, Ресей рублін – 20% немесе 38,6 млрд теңге, еуроны – 6,6% немесе 12,7 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда бұл шығыстар 32,2%-ға өсті. Валюта түрлері бойынша бөлуде АҚШ долларын сатып алу шығыстары 29,8% – ға, Ресей рублін сатып алу шығыстары 30,8% -ға және еуро сатып алу шығыстары 1,7 есеге өсті.

5. 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2020 жылғы маусымның соңында бір айда 1,0%-ға ұлғайып, 19 867,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 10 171,4 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 9 695,9 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 11 924,5 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 7 942,9 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға азайды. Долларлану деңгейі 2020 жылғы маусымның соңында 40,0%-ды құрады (2019 жылғы желтоқсанда – 43,1%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы маусымда 6 209,3 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға өсті, шетел валютасындағы депозиттері 3 962,1 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 5 715,2 млрд теңгеге дейін 2,7%-ға ұлғайды, шетел валютасымен депозиттер 3 980,8 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға азайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 41,1%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,5%-ға қысқарып, 13 504,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 8 067,8 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 5 436,9 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,6% (2019 жылғы маусымда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,9% (9,4%) болды.

6. 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2020 жылғы маусымның аяғында 13 927,1 млрд теңгені құрап, бір айда 0,3%-ға азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемі 7 141,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға азайды, жеке тұлғаларға 6 786,1 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі бір айда 11 742,5 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,1%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға кредиттер 1,6%-ға өсті. Шетел валютасындағы кредиттер көлемі
2 184,6 млрд теңгеге дейін 6,2%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 6,2%-ға, жеке тұлғаларға кредиттер 8,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2020 жылғы маусымның соңында 84,3%-ды құрады (2019 жылғы желтоқсанда – 83,4%).

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 11 875,8 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға азайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 051,3 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2020 жылғы маусымда 2,1%-ға 2 147,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 15,4%-ы).

Салалық бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 13,5%), сауда (12,0%), құрылыс (5,0%) және көлік (3,6%) сияқты салаларға тиесілі.

2020 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,0%-ды (2019 жылғы маусымда – 11,7%), жеке тұлғаларға – 16,9%-ды (17,3%) құрады.

7. 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдары жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді.

2020 жылғы маусымда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 67,4 трлн теңге сомаға 3,7 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы мамырмен салыстырғанда саны бойынша өсу 21,4%-ды, сомасы бойынша-20,6%-ды құрады). Орташа алғанда бір күн ішінде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,7 трлн теңге сомаға 169,3 мың транзакция жүргізілді.

2020 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында 22 банк және «Қазпочта» АҚ төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асырды, эмиссияланған және таралған төлем карточкаларының жалпы саны 40,2 млн бірлікті құрады. Оның ішінде 2020 жылғы маусымда төлем карточкаларының 53,6%-ын ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операциялар және (немесе) ақша алу бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланған.

Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, 2020 жылғы маусымда 4,3 трлн теңге сомаға 254,7 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы мамырмен салыстырғанда транзакциялар саны 14,1%-ға, сомасы – 14,6%-ға өсті). Қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып операциялардың жалпы құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесі саны бойынша 89,8%-ға дейін (2020 жылғы мамырда – 65,3%), көлемі бойынша – 89,0%-ға дейін (64,8%) өсті.

2020 жылғы маусымда халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 96,8 млрд теңге сомаға 0,3 млн аударымды құрады. Ақша аудару көлемінің өсуі 2020 жылғы мамырмен салыстырғанда 29%-ды құрады. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінің ішінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санынан 84,5% (0,3 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасынан 95,8% (92,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйесі арқылы жалпы сомадан 15,5% (0,05 млн транзакция) және жалпы сомадан 4,2% (4,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы 26,3 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

8. 2020 жылғы маусымның қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-маусымда 986,0 млрд теңгеге немесе 9,1%-ға ұлғайып, 11 786,5 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін «таза» кіріс 543,3 млрд теңгеге 2020 жылғы 1 шілдеде 4 877,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 шілде 10,9 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 82,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,8% және 26,9%).

[1] Кірістілік қисығын жасау үшін Қазақстан қор биржасының ресми сайтында жарияланған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын айқындау әдісі қолданылды.

[1]Бірмезгілде қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі ұқсас деңгейге дейін (9,00%) төмендетілді.

[2] Биржада МБҚ-мен автоматты репо секторында жасалған, бір жұмыс күндік мерзімі бар репоны ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

Жоғарыға