1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектерінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан белгіленген ауытқу шегін шектерінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хабарлайды.

Бұл шара айырбастау пункттерінде алыпсатарлық операцияларға жол бермеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектері:

  1. АҚШ доллары үшін – 6 теңге;
  2. еуро үшін – 7 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі елде төтенше жағдайдың қолданылу уақытында айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгіледі. 2020 жылғы 8 мамырда осы шараның қолданылу мерзімі
2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға