1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазақстан Ұлттық Банкін Нұр-Сұлтан қаласына көшіру туралы

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкін көшіру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды.

Ұлттық Банк жаңа заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 57А бойынша орналасты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығы – Алматы қаласында Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық Банктің Тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды.

ҚРҰБ өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара іс-әрекетті жалғастырады.

Жоғарыға