Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қаржы нарығына қатысушылар Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі тұжырымдамамен танысты

Кездесі Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Есжан Біртановтың төрағалығымен онлайн-режимінде өтті. Іс-шараға қаржы нарығының 60-тан астам өкілі қатысты.

Тұжырымдаманың мақсаты – инновацияларды дамыту үшін қолайлы ортаны құру, нарыққа қатысушылар арасында ынтымақтасуды ынталандыру, қаржылық технологиялар бағыты үшін қолайлы ортаны жасау.

Құжатты дайындау кезінде отандық қаржылық технологиялар нарығына талдау жүргізілді, негізгі стейкхолдерлерге пікіртерім жүргізілді, халықаралық ұйымдардың ұсынымдары ескерілді, жаһандық тәжірибе, оның ішінде Англия Банкінің, Сингапурдың, Австралияның және басқа елдердің орталық банктерінің тәжірибесі жан-жақты зерттелді.

Жобада негізгі үш бағыт – «Цифрлық реттеуші», «Цифрлық инфрақұрылым» және «Қолайлы орта» қамтылған. Бұл бастамаларды іске асыру қаржы нарығына қатысушылар арасында жоғары технологиялық өзара іс-қимылды орнатуға, салада ортақ шығасыларды төмендетуге және еңбек ресурстарын оңтайландыруға, сондай-ақ цифрлық қаржылық қызметтердің таралуын арттыруға, қаржылық технологиялық стартаптарды дамытуға және басқаларға бағытталды.

«Біздің мақсатымыз – қаржылық технологияларды дамыту үшін жағдайлар мен алғышарттарды жасау. Нарықтың міндеті – халық пен бизнес үшін жаңа сервистер мен өнімдерді енгізу. Бұл қазіргі кезде – COVID-19 таралуынан қалыптасқан жағдай аясында өте маңызды. Бүгінгі күні қаржы нарығына барлық қатысушылардың үйлесімді іс-қимылы қажет», - деді сөз сөйлеу барысында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Е. Біртанов.

Жоғарыға