1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың тамыз айындағы ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтің түсіндірмесі   

2022 жылдың тамыз айында елде жылдық инфляция қарқын алып, 16,1%-ды (шілдеде – 15,0%) құрады. Аймақтар арасында жылдық инфляция 20 өңірде жеделдеді. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді (шілдедегі 15,7%-дан тамызда 18,6%-ға дейін).

Тамызда азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 20,8%-ға дейін ұлғайды (шілдеде – 19,7%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (25,8%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 15,5%-ға дейін жеделдеді (шілдеде – 14,2%). Ең жоғары мән Нұр-Сұлтан қаласында (21,6%), ең төменгі мән Алматы қаласында (12,5%) тіркелді.

Ақылы қызмет көрсету бағасы тамызда ж/ж 10,1%-ға өсті, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары баға – Ұлытау облысында (15,8%), Ақтөбе облысында (6,3%), керісінше, едәуір төмен өсті.

2022 жылғы тамызда елде айлық инфляция 1,4%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда (2017-2021 жылдары: 0,2%) тамыздағы инфляцияның орташа мәнінен біршама жоғары.
Барлық өңірде 2022 жылғы тамызда баға орташа тарихи нормадан жоғары өсті. Айлық инфляцияның неғұрлым жоғары мәні Ұлытау облысында байқалды (2,7%).

Барлық өңірде 2022 жылғы тамызда баға орташа тарихи нормадан жоғары өсті. Айлық инфляцияның неғұрлым жоғары мәні Ұлытау облысында байқалды (2,7%).

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/news/inflyacionnye-tendencii-v-regionah/rubrics/1768  

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға