1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк зерттеу жүргізу үшін грант алуға конкурстық іріктеу өткізілетінін хабарлайды

Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттарына зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынатын Қазақстан Ұлттық Банкі ізденушілер арасында конкурстық іріктеу басталатынын хабарлайды.

Зерттеу гранттарынан үмітті ізденушілерді конкурстық іріктеу екі тақырып бойынша өтеді.

  1. Өндірістік құралдар нарығы: кедергілер мен дамыту бойынша шаралар.
  2. Цифрлық қаржы экожүйелері: халықаралық тәжірибеге сай қажетті реттеушілік өзгерістер.

Конкурстық іріктеуге заңды тұлғалар:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ізденушілер;

2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) қатыса алады.

Ұлттық Банк өтінімдермен танысып болған соң зерттеудің бір тақырыбы бойынша бірнеше грант ұсынуға немесе кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы.

Ұлттық Банктің сайтында «Баспасөз орталығы және зерттеулер > Зерттеулер > Ұлттық Банктің зерттеу гранттары» бөлімінде зерттеу жұмысына қойылатын талаптар, техникалық тапсырма, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық Банктің бөлімшелеріндегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері ұсынылған.

Ізденуші тараптың өтінімдері Қазақстан Ұлттық Банкінің digital.nationalbank.kz порталында берілуге тиіс. Өтінімдер электронды түрде беріледі, ізденушінің – заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілдің ЭЦҚ-сымен расталады (сенімхат негізінде).

Өтінімдерді қабылдау басталатын уақыт – 2022 жылғы 31 мамыр.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 14 шілде.

Әлеуетті ізденушілер үшін онлайн-кездесу өткізіліп, онда қосымша түсініктеме беріледі. Онлайн-кездесу 2022 жылдың 3 маусымында Webex платформасында өтеді. Іс-шараға қатысу үшін https://forms.gle/Z3vbid5gCB9Mg7Xw8 сілтемесіне өтіп, алдын ала тіркелу қажет.

Еске сала кетейік, гранттарды үлестіру және конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №47 Басқарма қаулысымен бекітілген.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға