1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2022 жылдың I тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың (салалық конъюктуралық шолу) қорытындысы туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің  түсіндірмесі

Нақты сектордағы кәсіпорындарда жүргізілген сауалнаманың қорытындысы дайын өнімге деген сұранысқа қатысты жағдайдың ауыл шаруашылығынан, тау-кен өнеркәсібі бен құрылыстан басқа барлық салада жақсарғанын көрсетті. Құрылыстағы сұраныс көрсеткіші теріс аймақта қалып келеді. 2022 жылдың II тоқсанында құрылыс (оң аймаққа шыға отырып), ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі салаларында сұранысқа байланысты жағдай әлі де жақсарады деп күтіледі. Өңдеуші өнеркәсіп пен саудада сұраныс төмендейді деп күтіледі, алайда бұл салалардағы индикатор оң аймақта қалады.

Шикізат пен материалдардың және дайын өнім бағасының өсу қарқыны жеделдегені барлық салада байқалды. 2022 жылдың II тоқсанында шикізат пен материалдардың және дайын өнім бағасының өсу қарқыны төмендейді деп күтіледі.

Өндірістік қуаттарды жүктеу деңгейі тау-кен өндіруден басқа салалардың барлығында дерлік төмендеді. Анағұрлым төмендеу көрсеткіші құрылыста байқалды.

Бәсекелестік маңыздылығының жоғары деңгейі бұрынғыша сақталып отыр. Нарықтық бәсекелестік сауда кәсіпорындарына барынша ықпал етті. Сауда кәсіпорындарының 41,0%-ы оның өз бизнесіне әсерін сезінді. Ең аз үлес тау-кен өнеркәсібінде байқалды (14,8%).

Шетелдік әріптестермен есеп айырысуда пайдаланылатын негізгі валюта Ресей рублі болып қала береді. Өңдеу өнеркәсібінде рубльді кәсіпорындардың 68,1%-ы, саудада 58,6%-ы пайдаланады.

2022 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша, теңге бағамының АҚШ долларына қатысты өзгерісінің шаруашылық қызметке теріс әсері артқанын барлық сала атап өтті, бұл ретте АҚШ доллары тек тау-кен өнеркәсібінде басым (59,1%).

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам өндіруші, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймаға жинаушы кәсіпорындар қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/rezultaty-oprosov-predpriyatiy-v-razreze-otrasley

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
+7 (7172) 77 52 10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға