1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың қазан айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы

2021 жылдың қазан айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

Алынған бағалау нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі қазанда аздап ұлғайып, оң көрсеткішке өтті – 50,1 (қыркүйекте – 49,8).

Сонымен бірге жаңа тапсырыстар көлемінің төмендеуі салдарынан өнеркәсіптегі көрсеткіш 50,6-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 50,9). Құрылыста жұмыспен қамту деңгейінің артуы және көрсетілетін қызметтер секторында жаңа тапсырыстар көлемінің ұлғаюы осы секторларда индекстердің тиісінше 49,9-ға (қыркүйекте – 49,3) және 49,7-ге (қыркүйекте – 49,1) дейін жақсаруына түрткі болды.

Қазан айында аймақтар арасында – 9 облыста іскерлік белсенділік жақсарып, 8 өңірде – нашарлады. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (59,1) мен Маңғыстау (57,5) облыстарында, төмен деңгейі – Қызылорда облысында (41,6) байқалды.

2021 жылғы қазанда респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының нашарлағанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі теріс болды – (-)1,4 (қыркүйекте – (-)1,0). Барлық сектордың кәсіпорындары өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Бұл ретте, бір ай бұрынғыдай бизнесті қорғау мәселелері мен салық жүктемесі теріс баға алды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларына қатысты оптимизмі ұлғайды: болашақ жағдайларды бағалау
14,9 (қыркүйекте – 13,5) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуалы индексі 6,6-ға дейін жақсарды (қыркүйекте – 6,1).

2021 жылғы қазанда сауалнамаға 461 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 174, қызмет көрсету саласында – 220.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға