1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы

2021 жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі 

Алынған бағалау нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі шілдеде төмендеп, 50,8 (маусымда – 51,6) болды.

Индекске қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 51,1-ге дейін (маусымда – 52,7) төмендеуі әсер етті, бұл карантин шектеулеріне байланысты іскерлік белсенділіктің нашарлауына, жаңа тапсырыстар санының қысқаруына және жеткізу мерзімінің ұлғаюына байланысты орын алды. Соған қарамастан, құрылыстағы көрсеткіш 50,1-ге дейін (маусымда – 47,6) ұлғайды, ал өнеркәсіпте 50,5 (маусымда – 50,4) болып, іс жүзінде өзгерген жоқ.

Аймақтар арасында шілдеде 10 өңірде іскерлік белсенділік көрсеткіші жақсарып, 7 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейі Түркістан (58,8) мен Ақмола (57,8) облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі – Шығыс Қазақстан облысында (40,8) көрініс тапты.

Биылғы шілдеде респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының нашарлағанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 0,5 (маусымда – 4,7) болды, бұл Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан шектеу шараларын қалпына келтіруге байланысты орын алды. Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Бизнесті қорғау мәселелері мен салық жүктемесі теріс баға алды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларына қатысты оптимизмі өзгеріссіз қалды: болашақ жағдайларды бағалау
21,1 (маусымда – 21,2) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес-ахуал индексі 10,5-ке дейін (маусымда – 12,8) азайды.

2021 жылғы шілдеде сауалнамаға 461 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызметтерде – 219.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu

Жоғарыға