1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылғы мамырдағы іскерлік белсенділік индексі туралы

ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың 2021 жылғы мамырдағы  іскерлік белсенділік индексі туралы түсіндірмесі

Алынған бағалау нәтижесі бойынша іскерлік белсенділік индексі мамырда 0,6 ұлғайып, 51,1 (сәуірде – 50,5) құрады.

Бұл ұлғаюға қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 52,3-ке дейін (сәуірде – 50,7) артуы әсер етті. Сонымен қатар өнеркәсіп пен құрылыстағы көрсеткіштер 49,6-ға және 47,5-ке дейін төмендеді (сәуірде – 50,4 және 48,0).

 

Өңірлер бойынша мамырда 9 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсаруы,
8 облыста – нашарлауы байқалды.  Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Ақмола (57,6) және Қарағанды (56,6) облыстарында, төмен  – Шығыс Қазақстан облысында (43,9) байқалды.

2021 жылғы мамырда респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғанын атап өтті. Қазіргі бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 4,3 (сәуірде – 3,7) болды. Кәсіпорындар өнімге/қызметке сұранысты, коммуникацияларға және қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады, салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері теріс баға алды.

Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларына қатысты оптимизмі төмендеді: оларды бағалау 17,2 (сәуірде – 20,1) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуалы индексі аздап нашарлап, 10,7 (сәуірде – 11,8) болды.

2021 жылғы мамырда пікіртерімге 459: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 173, қызметтерде – 219 кәсіпорын қатысты.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

Жоғарыға