2021 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік индексі туралы
2021 жылғы сәуірдегі іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі
Бағалау нәтижелері бойынша, іскерлік белсенділік индексі сәуірде аздап баяулап, 50,5 (наурызда – 50,6) болды.
Бұған қызмет көрсету секторындағы көрсеткіштің 50,7-ге дейін төмендеуі әсер етті (наурызда – 51,2). Сонымен қатар құрылыс пен өнеркәсіптегі көрсеткіштер, тиісінше, 48,0-ге (наурызда – 46,5) және 50,4-ке (наурызда – 50,2) дейін көтерілді.
Өңірлер бойынша, сәуірде 10 облыста іскерлік белсенділік жақсарып, 7 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі – Солтүстік Қазақстан облысында (58,2) және Нұр-Сұлтан қаласында (56,0), неғұрлым төмен деңгейі – Түркістан облысында (36,5) байқалды.
2021 жылы сәуірде респонденттер елде бизнес жүргізу ісінің жақсарғанын атап өтті. Қазіргі бизнес жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 3,7 (наурызда – 1,5) болды. Кәсіпорындардың пікірінше, өнімге/қызметке, коммуникация мен несиеге қол жеткізуге сұраныс жақсарды, ал салық жүктемесі теріс бағаланды.
Кәсіпорындардың алдағы 6 айда болашақ бизнес жағдайларына қатысты оптимизмі жоғарылады: болашақ жағдайларды бағалау 20,1 (наурызда – 18,6) болды. Нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуалы индексі жақсарып, 11,8 (наурызда – 9,9) болды.
2021 жылы сәуірде сауалнамаға 458 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 172, қызметтерде – 219.
Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida