1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы  ҚР ҰБ Төлем балансы департаментінің директоры  Азат Өскенбаевтың түсіндірмесі

Ұлттық Банк 2021 жылдың бірінші тоқсандағы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы төлем балансының алдын-ала бағасын жасап шығарды.

Ағымдағы шот 1,2 млрд АҚШ доллар тапшылықпен қалыптасты. Оның негізгі себебі – импорт ағынының ұлғаюымен тауарлар экспорты көлемінің төмендеуінде жатыр.

Экспорт 19,9%-ға, 11,5 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Бұл ретте, ең алдымен, мұнай экспорты төмендегеннен деп түсіну керек, жалпы экспортта оның үлесі 48,5%-ды құрады. Төмендеу себебі 2020 жылдың 4-тоқсанында мұнайдың салыстырмалы түрде төмен бағасына байланысты болды (барреліне – 44,3 доллар), осының өзі 2021 жылдың 1 тоқсанында экспорт статистикасына әсер етті.

Тауарлар импорты іскерлік белсенділіктің қалпына келуімен және кейінге қалдырылған ішкі сұраныспен қолдау тапты. Азық-түлікке жатпайтын тұтынушылық және инвестициялық тауарларды әкелуді ұлғайту есебінен өсім 7,6 млрд АҚШ долларына дейін 4,8%-ды құрады. Автомобиль, киім және компьютер секілді тұтыну тауарларын әкелуде айтарлықтай өсім байқалады. 2020 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда, тауардың осы топтары бойынша өсім 0,5 млрд АҚШ долларына тең болды.

Қазақстанның төлем балансы кірістің теріс балансы кезінде оң сауда балансымен сипатталуын жалғастырып келеді. 2021 жылдың 1-тоқсанында инвестициялық кіріс балансының тапшылығы 0,7 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Тікелей инвесторлардың кірісі 4,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағы осыған ұқсас көлемнен 20,6%-ға артық.

Ағымдағы шоттың 2021 жылғы бірінші тоқсандағы алдын ала деректері Ұлттық Банктің болжамды траекториясына сәйкес келеді. Біздің болжам бойынша, мұнай бағасының серпініне байланысты тапшылық биыл (-)2,8-ден (-)4,8 млрд АҚШ долларға дейін шамалайды. Алдағы «2021 жылдың мамыр-маусым» болжам раундының нәтижесі бойынша анықталатын күтулеріміз әлі де нақтыланады.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans-vn-sektora

Жоғарыға