1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Монеталар интернет-дүкені арқылы монета сату тетігі туралы

Монеталар интернет-дүкені арқылы монета сату тетігі туралы ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың түсініктемесі

Интернет-дүкен арқылы монеталар қалай сатылып жатыр, бір пайдаланушы қанша монета сатып ала алады және жеткізу мерзімі мен құны неге байланысты деген сұрақтар сайтты қолданушылар тарапынан көптеп түсіп жатыр. Осыны ретімен баяндап берсек.

Қазіргі уақытта kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені жаңа платформада пилоттық режимде істеп тұр. Бұл – кейбiр мүмкіндіктер мен функцияларда, соның iшiнде жұмыс уақыты бойынша шектеулер болады (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден сағат 17:00-ге дейiн) дегенді білдіреді.

Интернет-дүкеннің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында біз сатылымға шығарылған монеталарды белгілі бір күн санына бөлеміз. Бұл бізге күн сайын келіп түсетін тапсырыстарды дер кезінде өңдеу үшін қажет. Орташа есеппен бір тапсырысты өңдеу 20 минутқа дейін уақытты алуы мүмкін.

Халық пен коллекционерлер арасында монеталардың үлкен сұранысқа ие болғанын байқап отырмыз. Сол себепті монеталар күн сайын лезде сатылып кетіп жатыр.

Егер клиент тауарды төлемеген жағдайда, монета одан әрі сатылымға түсу үшін қайтадан интернет-дүкенге түседі. Монеталарды сатып алушылар арасында әділ бөлу үшін және алыпсатарлардың әрекетіне тыйым салу үшін бағалы металдан жасалған монеталарды сатуға беогілі бір шектеулер енгіздік – бір қолға 2 тиыннан артық өтпеу керек. Монеталардың құны мен жеткізу мерзімі өңірге және «Қазпошта»АҚ курьерлік қызметіне байланысты екенін атап өткен жөн.

Сөз соңында айтатынымыз, интернет-дүкен COVID-19-ға байланысты қазіргі жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында іске қосылып отыр.

Өз тарапымыздан біз интернет-дүкен пайдаланушыларының пікірлерін мұқият қадағалап отырамыз және оны жетілдіру үшін үнемі жұмыс істей береміз.

Жоғарыға