1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Экономикалық зерттеулер туралы

Экономикалық зерттеулер туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсініктемесі

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан үшін үлкен байестік векторлық авторегрессиялық модель құру» экономикалық зерттеуін жариялады.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерін болжауда байес векторлық авторегрессионды модельдерін (BVAR-модельдерін) қолдану тиімділігін бағалау. Бағаланатын BVAR- моделінің оңтайлы параметрлерін іздеу тест үлгісіндегі болжамдардың дәлдігі негізінде жүргізілді. Нәтижесінде қарапайым баламаларымен салыстырғанда Қазақстан үшін осы модельдерді қолданудың орындылығын эмпирикалық растау болды.

Зерттеу жұмысында модельдерді қайта құруға мүмкіндік беретін және макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау және болжау бойынша одан әрі пікірталасты ынталандыратын бастапқы код бар.
Зерттеу жүргізу – ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылдау кезінде талдау құралдарды күшейтуге арналған инфляциялық таргеттеу саясатының ажырамас бөлігі. Зерттеулердің жариялануы ақпараттық асимметрияны төмендете отырып, Ұлттық Банктің ашықтығы мен айқындығана да ықпал етеді.

Толығырақ

Жоғарыға