1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2021 жылдың наурыз айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы

2021 жылдың наурыз айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

Бағалау нәтижелері бойынша іскерлік белсенділік индексі наурызда оң аймаққа өтіп, 50,6 болды (биылғы ақпанда – 49,0). Көрсеткіш 2020 жылдың басынан бері алғаш рет шекті мәннен (50) асып түсті.

Индекстің өсуі, көбіне, қызмет көрсету мен өнеркәсіп секторларындағы көрсеткіштің көтерілуіне байланысты, онда индекс, сәйкесінше, 51,2 және 50,2-ге дейін өсті (сәйкесінше, ақпанда – 49,2 және 49,0). Сонымен бірге құрылыста индикатор 46,5-ке дейін төмендеді (ақпанда – 47,4).

Аймақтар тұрғысынан алып қарағанда, наурыз айында іскерлік белсенділік 10 өңірде жақсарғанын байқауға болады, 7 облыста нашарлады. Іскерлік белсенділіктің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (60,9) мен Қостанай (56,9) облыстарында, ең төменгісі – Түркістан облысында (42,3) байқалды.

Наурызда нақты сектор кәсіпорындарының қазіргі бизнес жүргізу жағдайлары оң бағаланды: оң және теріс бағалау арасындағы жауаптар теңгерімі 1,5 болды (ақпанда – 0,4). Кәсіпорындардың мәліметтері бойынша өнімге және қызметке деген сұраныс жақсарды, әсіресе, өнеркәсіп пен қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар үшін. Құрылыс кәсіпорындары сұраныстың аздап төмендегенін атап өтті. Жалпы алғанда, инфрақұрылым, қаржы мен кредитке қол жетімділік біршама жақсарды. Салық жүктемесі мен бизнесті қорғау мәселелері бизнесті жүргізу талаптарына теріс әсер еткен факторлар болып қала береді.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы бизнес жағдайларға деген оптимизмі аздап төмендеді: болашақ жағдайларды бағалау 18,6 болды (ақпанда – 24,0). Нәтижесінде, наурызда бизнес-ахуал индексі 9,9 (ақпанда – 11,9) болды.

2021 жылдың наурыз айында сауалнамаға 459 кәсіпорын қатысты: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 176, қызмет көрсету саласында – 216.

Толығырақ: Nationalbank.kz

Жоғарыға