1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Макроэкономикалық саясат жөніндегі шараларды үйлестіру туралы Келісімге қатысты

Макроэкономикалық саясат жөніндегі шараларды үйлестіру туралы Келісімге қатысты Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

– Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі Агенттік арасында қабылданған макроэкономикалық саясаттағы шараларды үйлестіру туралы Келісім жүйелі тәжірибеге айналды. 2019 жылы қол қойылған алдыңғы Келісім аясында қандай нәтижеге қол жеткіздіңіздер?

– Әрине, жаңа келісім ақ парақтан басталмағаны рас және келісімді дайындау кезінде жүйелі қағидаларды назарға алдық, ең алдымен, алдыңғы келісімнің нәтижесін есепке алдық, ол келісім бойынша Үкімет ЖІӨ өсімін 4,5% деңгейіне жеткіземіз деп, ал, Ұлттық Банк – инфляция деңгейін 2019 жылы 4-6% дәлізінде сақтаймыз деп міндеттелген болатын.

Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 5,4% деңгейінде болды, яғни, сол келісімдегі міндет орындалды деген сөз. Коронавирус пандемиясының салдарынан болған әлемдік дағдарыс 2020 жылы инфляция деңгейін 7,5% дейін жеткізді. Осыған байланысты, жаңа келісім аясында Ұлттық Банктің күш-жігері 2023 жылға қарай инфляцияны біртіндеп 4–5% төмендетуге бағытталмақ.

Алдыңғы келісім аясында Ұлттық Банк сондай-ақ, 2019-2020 жылдары бірқатар маңызды бастаманы жүзеге асырды.

Біріншіден, мемлекеттік құнды қағаздар (бұдан әрі – МҚҚ) нарығындағы өтімділікті реттеп, ол нарықты дамыту үшін Ұлттық Банк ақша нарығындағы артық өтімділікті тиімді байланыста ұстап отыр. Сатылымға шығатын ноталардың мерзімі 1-3 айдан 6-12 айға дейін ұзарып, олар бойынша мөлшерлемелер артты, уақытша бос тұрған банктердің өтімділігін нестиелеуге бағыттауды ынталандыру үшін минималды резервті талаптар тетігіне өзгерістер енгізілді.

Нарықтағы өтімділік экономиканың қажеттілігі мен бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін белсенді түрде пайдаланылды. ҚМ МҚҚ-ның сатылымға шыққан көлемі 1-3 жыл аралығындағы ортамерзімді сегментте нарық қатысушыларының үлесі 8,6 есеге (32,7%-ға дейін) артқан кезде 1 трлн теңгені құрады.

Сонымен қатар, қисық кірісті құру әдістері, сондай-ақ, бөлшек салымдар бойынша шекті ставкаларды реттеу әдісі жетілдірілді.

Екіншіден, өндірістік қаржы құралдар нарығын дамыту мақсатындағы валюта нарығын дамыту аясында 1, 3, 6 және 12 ай мерзімге валюталық айырбастау іске қосылды. Бұл нарық қатысушыларына валюталық тәуекелдерін 1 жыл мерзімге хеджирлеуге мүмкіндік берді.

Үкімет және квазимемлекеттік сектордағы субьектілер мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың валютадағы тапшылығы туралы, олар жасаған операциялар, валюталық активтерді конвертация жасау жөніндегі жоспардың болжамы жайлы ақпарат алмасу жөнінде өзара іс-қимыл бір ізге қойылды, соның арқасында валюталық нарықтағы квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың іс-қимылын үйлестіру мен келісу деңгейі жақсарды. Бұл валюталық нарықта баланс орнатуға мүмкіндік берді.

Шетелдік қатысушылар үшін теңгемен есеп айырысу мүмкіндігін кеңейту үшін қазақстандық KASE қор биржасында жанама валюта сессиясы пайда болды, бұл қатысушылар үшін сауда-саттықтың қол жетімділігін арттырды.

Үшіншіден, фискальды тұрақтылықты арттыру мақсатында Үкіметпен бірлесе отырып қазіргі фискальды ережелерге анализ жасалды және 2020 жылдың соңында Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру мен пайдалану Тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді (ҚР Президентінің 31.12.2019 жылғы №234 Жарлығы), ол өзгерістер мемлекеттік бюджет шығынын кесілетін баға деңгейінде шектеуді көздейді, яғни, мұнайдың белгілі бір бағасы кезінде мұнай кірістерінің сомасы және мемлекеттік шығындардың өсу шегі.

Жаңа келісім бойынша, 2023 жылы және одан кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджетке 2022 жылы контрциклді ереже енгізе отырып, бюджет кодексіне өзгерістер енгізу, бюджет ережесін бекіту, кесімді бағаны бағалау және оны бекітуді жеке заң актісі ретінде бекіту жоспарланып отыр. Контрциклді бюджеттік ереже экономиканың циклді тәуелділігін, ал, бюджеттің шикізат секторына тәуелділігін азайтады.

Жалпы алғанда, жоғарыда айтылған нәтижелер бірлескен шаралар макроэкономикалық саясатты үйлестіру бойынша белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жаңа келісімнің негізін қалағанын көрсетті.

Жоғарыға