1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша (салалық конъюнктуралық шолу)

2020 жылдың IV тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарға жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша (салалық конъюнктуралық шолу) ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсіндірмесі

Кәсіпорындар арасында Ұлттық Банк жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша 2020 жылдың IV тоқсанында барлық салада бәсекелестіктің маңыздылығы жоғары деңгейге ие болғаны байқалады.

Сауда кәсіпорындары нарықтық бәсекенің ықпалына көп ұшырайды, мұнда респонденттердің 42,5%-ы бәсекелестіктің өз бизнесіне әсер еткенін айтады. Өңдеу өнеркәсібінде мұндай кәсіпорындардың үлесі 31,0%-ға жетеді, ал тау-кен өнеркәсібінде 12,2% ғана.

Көптеген кәсіпорындар үшін (қарастырылып отырған салалардағы кәсіпорындардың шамамен 35%-ы және ауылшаруашылық кәсіпорындарының 25,9%-ы) олардың инвестициялық белсенділігін тежейтін басты кедергі – пандемия мен шектеу шараларын енгізуден кейінгі экономиканың қалпына келуінің бастапқы сатысында тұрған Қазақстан экономикасының жағдайына қанағаттанбау. Сонымен бірге сауда мен өңдеу өнеркәсібі өнімге деген сұранысқа байланысты проблемаларды бастан кешуде (тиісінше 31,0% және 27,7%), ал ауылшаруашылық кәсіпорындары білікті кадрларға тапшылық (23,9%) барын айтады.

IV тоқсанда дайын өнімге қатысты сұраныс жағдайы біршама жақсарды. Ауыл шаруашылығында (диффузия индексі – 57,5) сұраныс та өсіп келеді, өңдеу өнеркәсібі оң аймаққа кірді (ДИ – 51,7), көлік, құрылыс және тау-кен өнеркәсібінде құлдырау бәсеңдеді. Сауда саласында сұраныстың төмендеуі тұрақталды. Сонымен бірге барлық салада шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны баяулады.

2021 жылдың І тоқсанында сұраныс жағдайы одан әрі жақсарады деп күтіледі, ДИ-дің ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде (ДИ – 58,1), құрылыста (ДИ – 59,6) және саудада (ДИ – 56,1) болады деп күтілуде. Кәсіпорындар дайын өнімге сұраныстың өсуін, шикізат пен материалдар бағасының өсуінің жеделдеуін, сондай-ақ жалақы жағдайының жақсаруын күтеді. Сонымен бірге өндіріс көлемінің маусымдық төмендеуі де күтіліп отыр.

Сауалнамаға барлығы 2,6 мыңнан астам тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік және қойма кәсіпорындары қатысты.

Жоғарыға