1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы қазан айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша

АКСД директор орынбасары Денис Чернявскийдің 2020 жылғы қазан айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша түсіндірмесі

Қазан айында инфляциялық күтулер нақты инфляцияның деңгейін асып, 7,3%-ға дейін өсті. (2020 жылғы қыркүйек - 6,5%). Инфляциялық күтулердің динамикасы инфляцияны 4-6% мақсатында  әлсіз бекітуімен байланысты тәуекелдерді растайды және экономикадағы белгісіздіктің жоғарылауын көрсетеді.

Қазан айындағы сауалнаманың қорытындылары бойынша келесі 12 ай ішінде бағалардың ағымдағы өсу қарқынының сақталуын және жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі 51%-ға дейін өсті (қыркүйекте - 49%).

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтер бағасының болашақ динамикасын бағалаудағы белгісіздік деңгейі сауалнаманың өткізу тарихында ең жоғары мәнге жетті. Осылайша, респонденттердің 29% өз күтулерін бағалауға қиналды. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуының жаңа толқынының күтілуі және ел өңірлерінде карантиндік шаралардың күшеюі аясында белгісіздіктің өсуі байқалды.

Бағаның өсуін атап өткен респонденттер арасында күтілетін инфляцияның1 бір жыл алға медианалық бағасы 16,7%-ға дейін (2020 жылғы қыркүйек- 16,6%), ал қабылданатын инфляция2 19,7%-ға дейін (18,1%) өсті.

Азық-түлік өнімдеріне, атап айтқанда өсімдік майына, жұмыртқаға, қантқа, сондай-ақ ТКШ қызметтеріне бағаның жылдам өсуін атап өткен респонденттердің үлесі біршама өсті.

2020 жылғы қазанда соңғы 12 айдағы материалдық жағдайды теріс бағалау үлесі төмендеді. Респонденттердің көпшілігі соңғы жылдағы материалдық жағдайының өзгермегендігін атап өтті. Болашақ қаржылық жағдай бойынша оң күтулер басым болды.

Қазан айында жинақтары бар респонденттердің үлесі өзгеріссіз қалды. Жинақтардың басым бөлігі банктік депозит түрінде сақталады.

2020 жылғы қазанда экономиканың дамуы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулер іс жүзінде өзгерген жоқ.

1 Медианалық баға респонденттердің келесі 12 айда бағалар қаншалықты өзгереді деген сұраққа берген жауаптары негізінде алынды

2 Медианалық баға респонденттердің өткен 12 айдағы бағалар қаншалықты өзгерді деген сұраққа жауаптары негізінде алынды

Жоғарыға