1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қазан айындағы валюта нарығына қатысты Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың негізгі тезистері

Бірқатар елде COVID-19-бен ауырғандардың көбеюі, Еуропада жаңа карантиндік шаралардың енгізілуі, одан қалды АҚШ-тағы президент сайлауындағы белгісіздік – осының бәрі қазан айында әлемдік деңгейде қаржы нарығына едәуір әсер етті. Сол себепті Ұлттық Банк өз кезегінде теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін интервенция жасауға әрекет етіп бақты.

Өткен айда сыртқы нарықтар мың құбылып, бір мәнде бола алмады. Қазанның басында АҚШ Президентінің коронавирус жұқтырғаны туралы хабар тәуекелді активтерден бас тартуға мәжбүрледі. Дегенмен, оның әсері Д. Трамптың тез сауығуына байланысты қысқа мерзімге ғана созылды.

Содан кейін, АҚШ-тағы фискалдық ынталандырудың жаңа топтамасына байланысты келіссөздердің қайта басталуы және ЕОБ-ның желтоқсанда ЕО экономикасын қалпына келтіру шараларын қабылдауға дайындығы инвесторлардың жаһандық тәуекелге әуестігін қолдады.
COVID-19 екінші толқынының келуі, одан қалды ЕО пен АҚШ-та вирус жұқтырғандардың күрт көбеюі – осының бәрі жағдайға теріс етті. Ай соңында Германия мен Францияда және Ұлыбританияда экономикалық белсенділіктің төмендеуіне және экономикалық өсудің баяулауына әлеуетті түрде алып келуі мүмкін. Атап айтқанда, күтулердің нашарлауына және пандемияның салдарына мейлінше сезімтал қызмет көрсету саласы баяулауда. Мәселен, Ұлыбритания, Германия мен Франциядағы қызмет көрсету саласының PMI индекстері қазанда қыркүйектегі көрсеткіштермен салыстырғанда тиісінше 51,4-ке дейін (56,1-ден), 48,9-ға дейін (50,6-дан) 47,5-ке дейін (48,5-тен) төмендеді.

Екінші жағынан, нарықтардағы құбылмалылық АҚШ сайлауының айналасындағы белгісіздікке және елдің одан әрі экономикалық және сыртқы саясатына байланысты болды. «Қорқыныш» VIX индексі қазанның соңғы күндерінде 40 тармақтан асты, бұл АҚШ қор нарығының жоғары құбылмалылығын білдіреді, ал қыркүйектің соңында бұл көрсеткіш 26 тармақты құрады.

Мұнай бағасының динамикасы мен басқа да факторлардың теңгеге әсер етуі туралы

Еліміздің негізгі экспорттық тауарлары үшін қазан қиын болғанын айта кету керек. Коронавирустың екінші толқынының таралу тәуекелін іске асыру, сондай-ақ Ливиядағы өндірістің тез өсуі және АҚШ-тағы отын қорының өсуі туралы хабарламалар мұнай бағасына теріс әсер етті. Қазанның қорытындысы бойынша мұнай бағасы бір баррель үшін 41 доллардан 37,5 долларға дейін немесе 8,5%-ға төмендеді.

Қазіргі кезде нарықтардың назары ОПЕК альянсының іс-қимылына аударылған. ОПЕК+ елдерінің бұдан бұрын қолжеткізген уағдаластығына сәйкес 2021 жылғы қаңтардан бастап мұнайды өндіруді қысқартуды біртіндеп азайту және өндіру квотасын тиісінше біртіндеп ұлғайту ұсынылуда.

Алайда екінші серпін таралу аясында қарашаның басында баға белгілеулерге ішінара қолдау көрсеткен Ресей мен Сауд Арабиясынан ОПЕК+ қолданыстағы шектеулерді ұзарту мүмкіндігін қарастыру, не қосымша қысқартулар туралы хабарлар пайда болды.
Көмірсутегі нарығындағы серпін қазанда теңге үшін негізгі айқындауыш фактор болды. Мұнай бағасымен қоса сыртқы нарықтардағы ортақ үрдістер инвесторлардың дамушы елдерге деген қызығушылығына әсер етті, ол дамушы елдер валюталарының серпініне, оның ішінде теңгені серпініне де әсер етті. Ұлттық валютаның бағамы бір айда бір доллар үшін 432,66 теңгеге дейін 0,2%-ға әлсіреді.

Дамушы елдердегі валюта динамикасының теңгеге әсер етуі туралы

Экономиканы ынталандыру ресурстары шектеулі болуына байланысты пандемия көптеген дамушы елдердің экономикасына елелулі теріс әсер етуде. Алайда дамушы нарықтар бойынша жағдай тән болатын ішкі ерекшеліктерге қарай біркелкі емес. Мәселен, Латын Америка елдеріне қарағанда Азия өңірінің елдері салыстырмалы түрде төмен өлімді, ҚХР мен Оңтүстік Кореяда экономикалық белсенділіктің қалпына келуін көрсете отырып, пандемияның салдарын барынша ойдағыдай жеңіп шығуда.

Сонымен қоса осы валюталар серпінінің үйлесімдігін қамтамасыз ететін дамушы нарықтарға активтердің жекелеген сыныбына сияқты жүйелі әсер ететін факторлар бар.

Дамушы елдер валюталарының үйлесімдігі жаһандық инвесторлардың ортақ тәуекел дәрежесі арқылы сияқты саудаланатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы бағасы арқылы да белгіленуі мүмкін. Яғни дамушы елдердің валюталары жаһандық құнсыздануы жағдайында, әлсіремеген валюталар жергілікті тауралар мен көрсетілетін қызметтер құны салыстырмалы түрде қымбаттауынан, сондай-ақ сауда әріптестерінің валюталары әлсіреуінен қысымның астында қалады.

Қазанда теріс сыртқы сентименттің және сыртқы факторлардың аясында дамушы нарықтардың валюталары әлсіреді: Түрік лирасы 8%-ға, Бразилия реалы 2,3%-ға, Ресей рублі 2,2%-ға әлсіреді.

Теңге бағамы дамушы нарықтардың валюталары қатарының теріс серпініне салыстырмалы түрде аз ұшырағыш, ол қаржы нарығымызда шетелдік портфельдік инвестициялардың әкелінуі мен әкетілуінің аздаған құбылмалығымен түсіндіріледі.

Теңге бағамының тұрақсыздығын әрі күрт құбылуын болдырмас үшін Ұлттық Банктің жасаған интервенциясы мен ішкі нарыққа сыртқы нарықтағы жағдайдың әсер етуі туралы

Сыртқы нарықтардағы жағдай сияқты, өткен айда теңге серпіні әртүрлі бағытта болды және орташа құбылмалылықпен сипатталды. Алайда, қазанның соңғы күндерінде энергия тасығыштарға бағаның күрт төмендеуі аясында теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелі құнының төмендеуі қарқынды болды және 2020 жылғы сәуірден бастап барынша нашар болды, баға белгілеулер 10,3%-ға төмендеді.

Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысының күрт төмендеуі және өтімділіктің төмендігі байқалды, осыған байланысты Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі 91,3 млн долларды құрады, Ұлттық Банктің қатысуы жалпы нарықтық серпінге кедергі келтірмеді.

Валюта нарығы үшін қолайлы факторлардың ішінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттердің әкелінуінің қайта басталғанын атап өту қажет. Қазанда мұндай әкелінудің көлемі 71,8 млрд теңгені немесе шамамен 167 млн долларды құрады.

Елдегі алтын-валюталық активтердің жағдайы мен алтын нарығындағы жай-күй туралы

Қазанда алтынның бағасы төмендеу траекториясын жалғастырды және бір айда бір унция үшін 1883,4 доллардан 1875,8 долларға немесе 0,4%-ға төмендеді. Бағалы металдар нарығындағы негізгі анықтаушы фактор АҚШ-тағы сайлауға қатысты белгісіздік болды.
Алтын бағасының төмендеуі іс жүзінде ҚРҰБ-тың алтын портфеліне әсер етпегенін айта кеткен жөн, өйткені ол басым құқықты іске асыру шеңберінде отандық алтынды сатып алумен реттелген болатын. Қазанның соңында Ұлттық Банктің алтын портфелі 23,2 млрд долларды құрады.

Дегенмен, алдын ала деректер бойынша алтынвалюта активтері бір айда 200 млн долларға қысқарып, қазанның соңында 33,6 млрд долларды құрады, АВА-ның төмендеуі негізінен шамамен 90 млн доллар көлемінде мемлекеттік борышты төлеуге және 91,3 млн доллар көлемінде валюталық интервенция жүргізуге байланысты болды.

Коронавирустың екінші толқыны кезіндегі Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы

Алдын ала деректер бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері қазанда 1 млрд долларға төмендеп, қазанның соңында 56,34 млрд долларды құрады.

Пандемияның екінші толқыны тәуекелдерінің іске асырылуы нарықты қайтадан төмендеу жағына өзгертті. Мәселен, MSCI жаһандық акциялар индексі қазанда 3%-ға төмендеді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы 10 айда жаһандық акциялардың кірістілігі теріс және (–) 1%-ды құрайды.
Нарықтардың құлдырауын ескере отырып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қазанда теріс қалыптасып, (–) $470 млн болды, оның ішінде акциялар портфелінің құлдырауы $390 млн-ға жуық болды. Соңғы айлардағы теріс серпінге қарамастан Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жыл басынан бастап оң болып қалатынын және шамамен 950 млн болатынын атап көрсеткен жөн.

Бюджетке кепілді трансферттерді бөлу түрінде Қордан алу қазанда 230 млрд теңге болды. Осыған байланысты Ұлттық Банк Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен $534 млн сомасына сатты.

Ұлттық валютаның динамикасы мен әлемдегі қаржы нарығының әрі қарай дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы

АҚШ президенттігіне үміткерлер арасындағы қызу жарысқа қарамастан, 4 күндік дауыстарды санаудың нәтижелері бойынша Демократиялық партияның атынан үміткер Дж. Байден жеңіске жетті. АҚШ-тағы сайлау нәтижелері нарыққа қатысушылардағы белгісіздіктің бір бөлігін жойды. Жаңа сайланған Президент фискалды ынталандырудың кеңейтілген шараларын, Қытаймен сауда қатынастарындағы қатаңдығы аз байланысты жақтайды. Осының барлығы қор нарықтары тарапынан жақсы қабылдануы тиіс.

Бірақ, Сенатқа сайлау бойынша дауыстарды санау әлі де жалғасуда, бұл да алдағы болашақ пен сценарийлер тұрғысынан маңызды болады. Базалық сценарийді «бөлінген» Конгресс деп есептеуге болады, онда республикашылдардың көпшілігі Сенатты, ал демократтар Өкілдер палатасын қолдайтын болады. Акциялар нарығы үшін бұл оң болып саналады, өйткені корпоративтік салықтардың өсуі және технологиялық секторды реттеуді қатаңдату күтілмейді. Сенаттағы республикашылдар Өкілдер палатасындағы демократтардың агрессивтік ұсыныстарын бұғаттауды көздегендіктен, фискалдық қолдау шаралары топтамасының көлемі анағұрлым төмен болуы ықтимал.

Бұл ретте, мұнайдың әлемдік бағасы қысымға ұшырап отыр. Бұған коронавирусты жұқтыру жағдайларының өсуінің жалғасуы және бірқатар елдерде қайта локдауынды енгізу қаупі әсер етуде.

АҚШ-та карантин шараларын енгізу ықтималдығы өсіп келеді.

Мұнайдың төмен бағасы төлем балансы арқылы және ішкі нарықта валюта ұсынысының төмен көлемі арқылы теңгеге қысым көрсетуін жалғастыруда.

Мұнай бағасының бұдан кейінгі серпіні пандемия жағдайына және ОПЕК+ мүше елдердің шешімдеріне байланысты болады. Ресей, Алжир және Ирак 2021 жылдың алғашқы айларында мұнай өндірудің шектеулі деңгейін сақтауды қолдап отыр. Айдың ортасында ОПЕК+ ведомствоаралық мониторинг комитетінің отырысы өтуге тиіс, онда бағаның бір баррель үшін $ 40-тан төмен құлдырауына жол бермеу жөнінде ұсыныстар жасалуы мүмкін.

Жоғарыға