1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың 2020 жылғы қыркүйектегі іскерлік белсенділік индексі туралы түсініктемесі

Іскерлік белсенділік индексі кәсіпорындарға жүргізілген олардың ағымдағы көрсеткіштері және келешекте олардың өзгеруі бойынша күтулері негізінде қалыптастырылады.  Өткен айда пікіртерімге құрылыс саласындағы, өнеркәсіптегі және қызмет көрсетудегі 450 кәсіпорын қатысты.

Іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте бірден 2,2-тармаққа өсіп, 47,6-ға дейін көтерілді.

Нақты секторда экономикалық белсенділіктің жаңғыруы құрылыста байқалады, онда индекс 5,5-тармаққа өсті, қызмет саласында 3,1-тармаққа өсуі тіркелді. Өнеркәсіп саласында жаңа тапсырыстар азаюынан индекс 0,5-тармаққа төмендеді.

Өңірлер бойынша өткен айда іскерлік белсенділік индексінің біршама жақсаруы Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында аталды. Оның ең көп төмендеуі Алматы және Қызылорда облыстарында байқалуда.

Бизнес-ахуал индексі қыркүйекте соңғы алты айда бірінші рет оң аймаққа ауысып, 2,0 дейін жетті. Респонденттер бизнесті жүргізудің ағымдағы жағдайлары жақсарғанын атап, қазанда көрсеткіштің 4,5-ға дейін одан әрі өсуін күтуде.

Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

 

Жоғарыға