1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды алу мерзімі аяқталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айналыстан алудың төрт жылдық кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

Бұл банкноттар 2006 жылғы 15 қарашада айналысқа шығарылған болатын және 2016 жылғы 4 қазаннан бастап заңды төлем құралы болуын тоқтатты.

Екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және Ұлттық банктің филиалдары жоғарыда аталған банкноттарды қабылдап, ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастады. Айырбастау кезеңі төрт жылға созылды.

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

2 000 теңге 5 000 теңге 10 000 теңге

Айналыстан алу мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Ұлттық пошта операторының және Ұлттық Банк филиалдарының қабылдауына және айырбастауына жатпайды.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға