1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансының ағымдағы шоты туралы

ҚРҰБ Төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаевтың төлем балансының ағымдағы шотына қатысты түсіндірмесі

Ұлттық Банк 2020 жылғы 1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының есепті төлем балансын (9 айдың қорытындысы бойынша алдын ала бағалау қазанның соңында қолжетімді болады) қалыптастырды.

Шілдеде жарияланған алдын ала деректер бойынша алғашқы 6 айдың қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 2,1 млрд АҚШ доллары профицитімен қалыптасты. Өзектендірілген деректер бойынша ағымдағы шоттың профициті 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды.

лдын ала деректер мен түпкілікті төлем балансы (ТБ) арасындағы өзгерістер халықаралық сауда статистикасын және Ұлттық Банкке түскен респонденттердің елдегі капитал қозғалысы жөніндегі деректерін өзектендіруге байланысты.

Халықаралық сауда бөлігінде табиғи газ және түсті металдар бойынша сауда ағындарының түзетулері байқалады. Мәселен, бірінші жартыжылдықта түсті металдар экспортын 345 млн АҚШ долларына ұлғайту жағына қарай есептелді.

2019 жылғы бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда тауарлар экспорты 9,5%-ға 25,9 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Экспорттың қысқаруы негізінен мұнай мен газ конденсатын экспорттаудың төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар тауарлар импорты 10,3%-ға 15,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді, бұл инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруына байланысты.

Ағымдағы шот бойынша деректерді өзектендіруге респонденттердің есептері негізінде жүргізілген тікелей инвесторлардың кірістері бойынша деректерді жаңарту да әсер етті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кірістер қайта қаралып, 6,5 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ға төмендеу болып табылады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша оң сальдоға қарамастан, Ұлттық Банк жыл қорытындысы бойынша теріс ағымдағы шотты күтеді, өйткені Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары бағасының төмендеуі халықаралық сауданың ресми статистикасына әлі толық әсер еткен жоқ.

Толығырақ

Жоғарыға