1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық инвестициялық позиция

ХИП статистикалық есебінде мына өзгерістер көрсетіледі: операциялық – төлем балансының қаржылық шотында көрсетілетін бейрезиденттермен операцияларды жүргізу нәтижесінде; құндық – валюталар бағамдарының және нарықтық баға белгілеу ауытқулары нәтижесінде болған қаржы құралдары құнының өзгеруі; басқа да – өзгерістер,  мысалы операцияларды жіктеуді қайта қарау, үмітсіз борыштарды есептен шығару, респонденттерді түрлі қамту нәтижесіндегі өзгерістер.

ХИП статистикалық есебі ұлттық экономика секторлары бойынша бөлумен, функционалдық санаттар (тікелей инвестициялар, портфельдік инвестициялар, туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акцияларға опциондар, басқа инвестициялар, резервтік активтер) бойынша бөлумен және қаржы  құралдарының ірі типтері (акциялар және капиталға қатысу басқа құралдары, борыштық құралдар, басқа қаржы құралдары) бойынша көрсетіледі.

2019 жылға арналған статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 67 бұйрығы) ХИП статистикалық есебі тоқсандық өзгеріспен  қалыптастырылады және 31 наурызда, 30 маусымда, 30 қыркүйекте, 31 желтоқсанда орналастырылады, қосымша талдама кестелер мен ақпарат – негізгі статистикалық есептер орналастырылған күннен бастап 10 күн өткен соң орналастырылады. 

Есепті кезеңде ХИП-қа талдамалық түсіндірмелер «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсан сайынғы басылымында берілген.

Жоғарыға