Кәсіпорындарға жүргізілген мониторинг: кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс жақсарды
2026 жылғы I тоқсанда кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижеcі туралы ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі
Кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша 2026 жылғы I тоқсанда кәсіпорындардың дайын өніміне сұраныс жақсарып, диффузия индексі (ДИ) 59,3 болды.
Дайын өнім бағасының өсу қарқынында өзгергеріс болған жоқ. Кәсіпорындар өнімінің баға динамикасын өлшейтін диффузия индексі (ДИ) 2025 жылғы IV тоқсандағы шамада сақталды – 59,3. Кәсіпорындардың басым бөлігі үшін дайын өнімнің бағасын белгілеуде шикізат пен материал бағасы және сұраныс ең маңызды фактор саналады.
2026 жылғы I тоқсанда кәсіпорындардың бағаға (несие бойынша пайыздық мөлшерлеме деңгейі, қосымша комиссиялар сомасы) және бағаға жатпайтын (несиенің ең жоғары мөлшері мен мерзімі, қарыз алушының қаржылық жағдайына қойылатын талаптар, кепілге қойылатын талаптар) несие беру шарттарына қатысты бағалаулары біршама жақсарды.
Жалпы экономикада сатудың орташа рентабельділігі (пайызды, салықты және амортизацияны төлеу шығынын шегергенге дейін) бұрынғы орташа нормадан (24,0%) жоғары қалыптасып, 25,0%-ға (24,1%) дейін өсті.
I тоқсанда сауалнамаға 3492 кәсіпорын қатысты.
Толығырақ Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz