1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк өкілдері қаржы нарығының сарапшыларымен кездесті

Қазақстан Ұлттық Банкінде ақша-кредит саясатының (бұдан әрі – АКС) ағымдағы жағдайына қатысты мәселе төңірегінде сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кезекті кездесу өтті. Ашық диалог форматында өткен жиында базалық мөлшерлеме бойынша қабылданған шешім де талқыланды. Оның жұмысына макроэкономика мен АКС саласында қолданбалы және зерттеу жұмыстарымен айналысатын макроболжамшылар, қаржы аналитиктері мен экономистер, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, Ақша-кредит саясаты комитетінің мүшелері мен профильді бөлімшелердің басшылары қаржы нарықтары мен ел экономикасында қалыптасқан жағдайға байланысты шағын шолу ұсынды.

Кездесу кезінде қатысушылар макроэкономикалық жағдай, инфляциялық процестер динамикасы мен инфляциялық тәуекелдер жайында өзара пікір алмасты.

Мұндай форматтағы кездесулер сарапшылар қауымдастығымен тұрақты әрі мазмұнды диалог орнатуға, аналитикалық пікірталастың мазмұнын кеңейтуге және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

23 қаңтар күні Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім бекітілген кестеге сәйкес 6 наурызда жарияланады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz 
www.nationalbank.kz

Жоғарыға