Ұлттық Банк Үкіметпен және ҚНРДА-мен бірге экономиканы кредиттеудегі өзекті мәселе бойынша қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізді
Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринмен, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымовамен және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ Басқарма Төрағасы Рустам Карагойшинмен бірге Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мен екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде қатысушылар корпоративтік кредиттеу көлемін ұлғайту, оның ішінде ірі жобаларды, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру мәселесі төңірегінде пікір алмасты. Жиында тұтынушылық кредиттеу ісін тұрақтандыру мәселесі де талқыланды.
Экономиканы кредиттеу аясында «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның екінші деңгейлі банктермен және реттеушілермен арадағы өзара іс-қимыл тетіктері де бөлек қаралды.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар цифрлық қаржы активтерін елдің қаржы жүйесіне енгізудегі практикалық әдістер мен саланы цифрландыру мәселелеріне тоқталды.
Кездесуді қорытындылай келе экономиканы кредиттеу мен қаржы нарығын дамытуға қатысты негізгі мәселелер бойынша жұмысты өзара жүйелеу туралы келісімге келді.
БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:
8 (7172) 77–52–10
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz