"Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Ұлттық Банктің 100% еншілес ұйымы ретінде «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамын құру» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1999 жылғы 15 қарашадағы №393 қаулысымен құрылған.
Қордың миссиясы – қаржы жүйесінің тұрақтылығына қолдау көрсету және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банк салымшыларының құқығы мен заңды мүддесін қорғау.
Негізгі қызметтері
Қор өзіне жүктелген негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
- «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
- депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiмiн жүргiзедi;
- «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңның 16-бабында көзделген жағдай туындаған кезде банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде өткізу операциясына қатысады;
- активтерді инвестициялайды;
- арнайы резервті қалыптастырады;
- Қордың басқарушы органы айқындаған тәртіппен агент-банктерге қойылатын талаптарды белгілейді;
- Қордың басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін агент банктердің алдын ала тізбесін бекітеді;
- қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
- қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
- төленген (төленетін) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi тарату комиссиясы Қор алдында толығымен өтегенге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;
- төленген (төленетін) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi тарату комиссиясы Қор алдында толығымен өтегенге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру нысандары
Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған жағдайда оның жеке тұлғалардың банк шоттарында жатқан және банк шоттары және(немесе) банк салымы шартымен куәландырылған, теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттерін және қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру күніне қарай осындай депозиттер бойынша есептелген сыйақыларды қайтару жөніндегі міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің нысандары болып табылады.
Бір салымшының әрбір банктегі барлық депозиті бойынша мемлекеттік кепілдік:
- ұлттық валютадағы жинақ депозиттер бойыша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
- ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
- шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын көлемде белгіленген.
Салымшының (депозитордың) қатысушы банкте түрі мен валютасына қарай бірнеше кепілдендірілген әртүрлі депозиттері болған жағдайда Қор олар бойынша әрбір депозиттің түріне қарай бекітілген максималды өтем сомасы шегінде, алайда жиырма миллион теңгеден асырылмайтын көлемде жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
Төраға – Әділ Нұрланұлы Өтембаев
Байланыс
Телефон: +7 (727) 312-24-49
e-mail: info@kdif.kz
Ресми сайты: www.kdif.kz
A05B0Y8, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әйтеке би к., 67
Салымшылар 1460 телефон нөмірі (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондар арқылы қоңырау шалу тегін), Қордың www.kdif.kz сайтындағы чат, @kdif_ask Телеграм-чаты, Facebook және Instagram желілеріндегі deposit.kz ресми парақшасы арқылы хабарласу, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасына хат жазу арқылы ақыл-кеңес алуға болады.