Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Долбар ¹42 01/07/2014

Тұтастай алғанда Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 2014 жылғы ІI тоқсанда 47 554,2 млрд. теңге (немесе 260,3 млрд. АҚШ долл.) сомаға 8,5 млн. транзакция жүргізілді. 2013 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 5,0%-ға (447,5 мың транзакцияға) азайды, төлемдер сомасы 3,2% (1 757,8 млрд. теңгеге) ұлғайды.

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Қатысушылардың саны 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 501 болды.

2014 жылғы ІI тоқсанда барлығы БААЖ арқылы 46 185,2млрд. теңге (252,8 млрд. АҚШ долл.) сомаға 3,6 млн. транзакция жүзеге асырылды. 2013 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда төлемдер саны 4,5%-ға (156,6 мың транзакцияға) ұлғайды, төлемдер сомасы 3,6% (1 603,5 млрд. теңгеге) ұлғайды.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2014 жылғы ІI тоқсанда 744,9 млрд. теңге сомаға 58,4 мың транзакция өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден саны бойынша 4,6%-ға (2,6 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 3,6%-ға (25,8 млрд. теңгеге) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2014 жылғы ІI тоқсанда 12,8 млн. теңге болды және 2013 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда 0,9% (0,1 млн. теңгеге) азайды.

Бұл ретте БААЖ, елдің жүйелік-мәнді төлем жүйесі арқылы 2014 жылғы ІI тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 97,1%-ы және олардың жалпы санының 42,8%-ы өңделді, бұл аса ірі және жоғары басымдықты төлемдерді жүргізу кезінде БААЖ мақсатының орындалғандығын білдіреді.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

Банкаралық клиринг жүйесінде 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қатысушылардың саны 39 болды.

2014 жылғы ІІ тоқсандағы бөлшек төлемдер ағыны 1 369,0 млрд. теңге (7,5 млрд. АҚШ долл.) сомаға 4,8 млн. құжат болды. 2013 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 11,1% (604,1 мың құжат) азайды, төлемдер сомасы 12,7% (154,3 млрд. теңге) өсті.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2014 жылғы ІI тоқсанда 22,1 млрд. теңге сомаға 78,2 мың құжат өтті, бұл 2013 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 11,1% (9,7 мың транзакция) аз және төлем сомасы бойынша – 12,7% (2,5 млрд. теңге) көп болды. Бұл ретте 2014 жылғы ІI тоқсанда Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 282,5 мың теңге болды және 2013 жылғы ІI тоқсанмен салыстырғанда 26,8% (60,0 мың теңге) ұлғайды.

Сонымен қатар, басымдылығы жоғары болып табылмайтын және 5 млн. теңге сомадан аспайтын төлемдер жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінен 57,2% және олардың жалпы көлемінен 2,9% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомаларға арналған төлемдердің едәуір санын жүргізу қызметін орындағанын  көрсетеді.

 

Жоғарыға