Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Халықаралық инвестициялық позиция

I. Әдіснамалық негіз, тұжырымдамалар, айқындамалар және жіктеулер

  • Әдіснамалық негіз: Халықаралық инвестициялық позицияны қалыптастырудың әдіснамалық және тұжырымдамалық негізі Халықаралық валюталық қордың «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың» 6-шы басылымы (ТБН6) болып табылады.

  • Айқындама:Халықаралық инвестициялық позиция Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы қаржылық активтері мен міндеттемелерінің нақты уақыт мезетіндегі құнын көрсететін статистикалық есеп. Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық позициясында есепті кезең ішіндегі қаржылық операциялар, қайта бағалау және өзге өзгерістер нәтижесінде орын алған өзгерістер көрсетіледі.

    Институционалды бірлік егер Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы оның басым экономикалық қызығушылығының орталығы болса, ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады.

  • Жіктеу жүйесі: Халықаралық инвестициялық позицияда төлем балансы статистикасындағы қаржы шоты бөлігінде қолданылатын жіктеуге ұқсас жіктеу пайдаланылады. Қаржылық активтер мен міндеттемелер келесі түрде жіктеледі:

    функционалды категориялар бойынша – тікелей инвестициялар, портфельді инвестициялар, туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар, басқа инвестициялар, резервтік активтер;

    қаржы құралдары бойынша – капиталға қатысу құралдары және инвестициялық қорлардың үлеспұлдары, борыштық құралдар (қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар, кредиттер мен несиелер, сақтандыру, зейнетақы бағдарламалары және стандартты кепілдік бағдарламалары, арнайы несие алу құқықтары, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге активтер/міндеттемелер);

    институционалды секторлар бойынша – орталық банк, банктер, мемлекеттік басқару органдары, басқа секторлар, өз кезегінде басқа секторлар – басқа қаржылық ұйымдар және қаржылық емес ұйымдар, үй шаруашылықтары мен үй шаруашылықтарына қызмет ететін коммерциялық емес ұйымдар (ҮШҚКЕҰ) болып екі ішкі секторға бөлінеді;

    өтеу мерзімдері бойынша (борыштық құралдар үшін) – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары).

    Сыртқы қаржылық активтер мен міндеттемелердің айырмасы таза инвестициялық позицияны білдіреді, ол оң (ол жағдайда ел басқа әлемге қатысты таза инвестор-кредитор болып табылады) немесе теріс (ол жағдайда таза қарыз алушы болып табылады) болуы мүмкін.

II. Деректерді қамту

  • Статистикалық қамту: Халықаралық инвестициялық позиция резиденттердің бейрезиденттерге қатысты барлық шетелдік қаржылық активтері мен міндеттемелерін қамтиды. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған шетелдік компаниялардың филиалдары резиденттерге жатады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдар қызметтерінің ұзақтығына қарамастан бейрезиденттерге жатады. 

  • Географиялық қамту: Қазақстан Республикасының экономикалық аумағы Қазақстан экономикасына қатысты эксаумақты болып саналатын шетелдік мемлекеттердің елшіліктерін, консулдықтарын және басқа ресми органдарын қоспағанда, мемлекеттік шекараның ішіндегі оның географилық аумағымен сәйкес келеді. Шетелде орналасқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің елшіліктері, консулдықтары, әскери базалары және басқа ресми органдары Қазақстан Республикасының экономикалық аумағына жатады. 

III. Есепке алу қағидаттары

  • Құндық бағалау: Сатылатын үлестік және борыштық құралдар нарықтық құны бойынша бағаланады. Сатылмайтын құралдар номиналды құны бойынша көрсетілген. Монетарлық алтын Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығының (LBMA) есепті күннің алдындағы күнгі таңертеңгі фиксингті қолдану арқылы есепке алынады.

    Халықаралық инвестициялық позиция деректері АҚШ долларында қалыптастырылады. Шетелдік активтер мен міндеттемелердің егер олар басқа валюталарда номинирленген болса, есепті кезеңнің басындағы және соңындағы қалдықтарын есептеген кезде АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің осы күндерге орнатылған бағамдарын және кросс-бағамдарды пайдалану арқылы іске асырылады. Халықаралық инвестициялық позицияның ағындары мен қорларын келісу кезінде есепке алынатын қаржылық операцияларды АҚШ долларына қайта есептеу Ұлттық Банктің операция жасау күніне орнатылған бағамын немесе кросс-бағамды пайдалану арқылы іске асырылады. Операция жасалу күні туралы ақпарат болмаған жағдайда тоқсандық орташа айырбастау бағамы пайдаланылады.

  • Есепке алу негізі: Сыртқы активтер мен міндеттемелер негізінен есептеу әдісі бойынша көрсетіледі. Көрсеткіштерді агрегаттау үрдісі халықаралық стандартқа сәйкес: жазбалар Мемлекеттік органдар секторы бойынша көрсетілетін Ұлттық Банк резервтік активтеріндегі және Ұлттық қордағы туынды қаржы құралдарын есептемегенде, активтің бір түрі бойынша және міндеттемелердің бір түрі бойынша жеке сальдоналады.

 IV. Ақпараттың негізгі көздері

  • Тікелей инвестициялар: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, жеке ұйымдардың қаржылық есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз бағалаулары табылады.

  • Портфельді инвестициялар: Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокерлер, дилерлер, инвестициялық портфельді басқарушы ұйымдар, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар мен тіркеушілер), банктер, бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры ұсынатын статистикалық есептер деректері. Ұлттық қор операциялары бойынша деректер ғаламдық кастодиан есебі негізінде қалыптастырылады.

  • Туынды қаржы құралдары және қызметкерлерге арналған акциядағы опциондар: Деректер көздері болып банктердің, басқа қаржы және қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және Ұлттық қор активтері бойынша ғаламдық кастодиан есептері табылады.

  • Басқа инвестициялар: Ақпарат көздері болып банктердің, басқа қаржы ұйымдарының және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері, жеке ұйымдардың қаржылық есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және Ұлттық қор активтері бойынша ғаламдық кастодиан есептері, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз бағалаулары (жеке тұлғалардың операциялары бойынша) табылады.

  • Резервтік активтер: Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебінің деректері және сыртқы басқарушылардың есептері.

V. Деректерді әзірлеудің тәжірибелік ерекшеліктері

  • Тікелей инвестциялар: Экономиканың Басқа секторларының капиталға қатысумен және кірістерді қайта инвестициялаумен байланысқан тікелей инвестицияларын толығымен есепке алу үшін Ұлттық Банк компаниялардың қаржылық есептеріне, тікелей инвестициялар бойынша ірі операциялар мен нарықтық құндары туралы талдамалы порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдарына талдау жасайды. Сонымен қатар банктердің клиенттер төлемдері (аударымдары) туралы ақпараты пайдаланылады. Алынған нәтижелер бойынша есептер деректері түзетілуі мүмкін.
    Бағасы белгіленбейтін акциялардың және қазақстандық компаниялардың капиталына қатысудың өзге де құралдарының теріс құны келесі жағдайларды ескермегенде, нөлденеді:
    - компания өз қызметінің бастапқы немесе соңғы кезеңдерінде болған кезде,
    - компания активтерінің жоғарғы айналымдылығы кезінде теріс құн уақыттың азғантай кезеңінде орын алған жағдайда (яғни, компания активтерін оның міндеттемелері төленуге тиіс уақытқа дейін қолма-қол ақшаға аударып алу мүмкіндігі бар болған кезде),
    - шетелдік акционерлер компанияның барлық міндеттемелерін (ішкі және сыртқы) өз мойындарына алған жағдайда немесе олар бойынша кепілгер ретінде саналған жағдайда.
    Жеке тұлғалардың шетелдегі жылжымайтын мүліктері бойынша операциялары өзге өзгерістермен есептен шығарылады, өйткені кезең басындағы (соңындағы) қалдықтар (қорлар) бойынша ақпарат жоқ.

  • Басқа инвестициялар: Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операцияларын бағалау. Сондай-ақ, банктердің және Ұлттық Банктің клиенттердің төлемдері (аударымдары) туралы ақпараты пайдаланылады.
    Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен, шетелдік бантердегі шоттары бойынша операциялары өзге өзгерістермен есептен шығарылады, өйткені кезең басындағы (соңындағы) қалдықтар (қорлар) бойынша ақпарат жоқ.

VI. Басқа аспектілер

  • Қосымша ақпарат: тоқсан сайынғы негізде қосымша келесі деректер таратылады:
    – резиденттердің экономикалық қызмет түрлері бойынша, активтер мен міндеттемелердің географиялық құрылымы бойынша халықаралық инвестициялық позиция,
    – экономикалық қызмет түрлері мен негізгі елдер бойынша, 10 ірі инвестор-елдер мен экономикалық қызмет түрлері бойынша Қазақстан резиденттерінің сыртқы міндеттемелері бойынша тоғыспалы кестелер,
    – салыну бағыты бойынша тікелей инвестициялар кестелері.

  • Өзгелер: Есепті деректердің тоқсан сайынғы жариялануы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» басылымындағы талдамалық түсіндірмелермен толықтырылады.

Жоғарыға