1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Төлем балансы

Деректер: Қамтылуы, жиілігі және уақтылығы

Қамту сипаттамасы

 

Қазақстан Республикасының төлем балансы - бұл белгілі бір уақыт кезеңіндегі резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы экономикалық операцияларды қорытындылайтын статистикалық есеп.
Деректер Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттер арасындағы барлық экономикалық операцияларды қамтиды.
Төлем балансын қалыптастырудың әдіснамалық негізі Халықаралық Валюта Қорының «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция туралы нұсқаулығының» алтыншы басылымы (ТБН6), 2009 ж.

Төлем балансының операциялары үш шотқа топтастырылған: ағымдағы шот, капиталмен операциялар шоты және қаржылық шот.

Ағымдағы шот резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы тауарлар, қызметтер, алғашқы кірістер мен қайталама кірістер ағындарын көрсетеді.

Капиталмен операциялар шотына өндірістік емес қаржылық активтермен операциялар және резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы күрделі аударымдар кіреді.

Қаржы шоты қаржылық активтерді таза сатып алуды және резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы таза міндеттемелерді қабылдауды көрсетеді.

Төлем балансын қалыптастыру үшін негізгі ақпарат көздері:
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара сауда бойынша статистикалық есептіліктің мәліметтері және үшінші елдермен сауда бойынша кедендік статистика деректері;

- банктердің, басқа қаржылық және қаржылық емес ұйымдардың, оның ішінде шетелдік компаниялар филиалдарының мен мемлекеттік органдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептерін қоса есептегенде;
- Ұлттық Банктің бухгалтерлік есеп деректері, сыртқы басқарушылардың және дүниежүзілік кастодианның Ұлттық қор активтері туралы есептері;
- Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволар ұсынған мәліметтер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің деректері;
- Ұлттық Банктің төлем балансы бойынша операцияларын бағалауы.

Деректер АҚШ долларында көрсетіледі.

Кезеңділік

 Тоқсандық

Ұсыну мерзімділігі

 Есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күн

Қоғамдық қол жетімділік

Деректерді жариялау мерзімінің күнтізбесі

 Ұлттық Банктің ресми статистикалық ақпаратын, оның ішінде сыртқы сектор статистикасын жариялау күнтізбесі Ұлттық Банктің сайтында орналастырылған:
https://nationalbank.kz/kz/page/kalendar-rasprostraneniya-dannyh.
Сонымен қатар Күнтізбе Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді: https://stat.gov.kz/inf/standard/calendar.

Барлық мүдделі тараптарға бір уақытта ақпарат ұсыну

 

Төлем балансы туралы мәліметтер Ұлттық Банктің сайтында белгіленген мерзімде орналастырылылады:
https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans-vn-sektora
және барлық пайдаланушыларға бір уақытта қол жетімді болады.

Сенімділік

Статистикалық деректерді қалыптастырудың, оның ішінде жеке респонденттер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтаудың нормативтік-құқықтық шарттары туралы ақпарат тарату

 

Төлем балансы туралы мәліметтерді жинау және тарату реттеледі:


• «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңына. Заңның 8-бабына сәйкес Ұлттық банктің функцияларына төлем балансы, халықаралық инвестициялық жағдай және елдің сыртқы борышы туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен тарату кіреді.

• «Қазақстан Республикасының төлем балансын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы №71 қаулысы. Осы жарлыққа сәйкес Ұлттық банк төлем балансын қалыптастыру мен жариялауға жауапты мемлекеттік орган болып табылады және барлық респонденттерден төлем балансы туралы статистикалық ақпарат жинауға өкілетті.

• «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңы. Заңға сәйкес алғашқы статистикалық мәліметтер құпия болып табылады және оларды мемлекеттік статистика органдары тек статистикалық ақпаратты өндіру үшін пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдарының алғашқы статистикалық деректердің құпиялығы оларды жинау, өңдеу және сақтау кезінде қамтамасыз етіледі.

• Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.
Кодекс мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымның лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) мәліметтер базасын жоғалту, сату, беру немесе басқа заңсыз жариялағаны үшін айыппұлдарды қарастырады.

Төлем балансын қалыптастыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті жауап береді.

 

Жарияланғанға дейін мемлекеттік органдардың ақпаратқа қол жетімділігі (қол жетімділіктің болмауы)

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат ресми жарияланған кезге дейін қол жетімді емес.

Статистикалық мәліметтерді шығару кезінде министрліктердің ескертулерінің болуы

Деректер министрліктер мен ведомстволардың ескертуінсіз жарияланады.

 

Мәліметтерді нақтылау туралы ақпарат беру және жарияланған мәліметтер әдістемесіндегі өзгерістер туралы алдын ала хабарламаларды жариялау

 

Есепті тоқсан үшін бастапқы жарияланған мәліметтер (есепті кезеңнен кейін бір ай өткен соң) алдын ала болып саналады. Алайда, кестелер төлем балансының соңғы бағасы қашан шығарылатыны туралы жазбаларды қамтиды.
Есепті тоқсанның қорытынды деректері есепті тоқсаннан кейінгі 90-шы күні жарияланады.

Есепті тоқсанның қорытынды деректері шыққан кезде есеп берудің немесе әдістеменің нақтылануына, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуына және т.б. байланысты бұрын жарияланған алдыңғы тоқсандар жаңартылады.

Деректер жылына екі рет: қазан мен сәуірде қайта қаралады. Деректерді қайта қарау есепті жылға дейінгі екі жылды қамтиды.
Деректердің өзгертілуі мен қайта қаралуы туралы түсініктемелер, жаңартылған мәліметтермен бірге Ұлттық Банктің тоқсан сайынғы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы қарызы» басылымында жарияланады.
Әдістемедегі негізгі өзгерістер қолданушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарланады.

Сапа

Статистикалық деректерді дайындауда қолданылатын әдістеме мен ақпарат көздері туралы ақпарат тарату

 

Ұлттық Банктің АМТС шеңберінде таратқан ақпаратына әдістемелік түсініктеме мына сілтеме бойынша қол жетімді:
https://nationalbank.kz/kz/news/metodologicheskiy-kommentariy

Сонымен қатар, түсініктемелер, оның ішінде деректер көздері және жекелеген көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік принциптері туралы ақпарат, Ұлттық Банктің тоқсан сайынғы «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы қарызы» басылымында жарияланады және қол жетімді:
https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans/rubrics/1574

Төлем балансының талдамалық презентациясы тоқсан сайын Ұлттық Банктің «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады және қол жетімді:
https://nationalbank.kz/kz/news/statisticheskiy-byulleten/rubrics/1556

Бөлінген мәліметтер компоненттерін тарату, байланысты көрсеткіштерді салыстыру және әртүрлі статистикалық жүйелерді қолдана отырып, деректерді өзара тексеру және растау мүмкіндігі   

Ұлттық Банк төлем балансын әр түрлі мәліметтер деңгейлерімен бірнеше презентацияда таратады:
- стандартты компоненттер;
- аналитикалық ұсыну;
- экономика салалары бойынша;
- төлем балансының абсолютті және салыстырмалы параметрлері;
- жеке сектордың қаржылық операциялары.

Бұдан басқа, тоқсан сайын Ұлттық Банктің веб-сайтында тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы , жеке аударымдар, төлем балансының деректері бойынша тікелей инвестициялар, төлем балансының деректері бойынша міндеттемелердің таза қабылдауы географиялық және салалық бөліктерде орналастырылады.

Төлем балансының көрсеткіштері тауарлар саудасының ресми статистикасы мәліметтерімен, ұлттық шоттар жүйесімен, халықаралық инвестициялық позициямен және халықаралық резервтер статистикасымен өзара байланысты:

- тауарлардың сыртқы саудасы: Ұлттық Банк тауарлар саудасының ресми статистикасының деректері негізінде ресми статистиканы өзгерту жүйесін қолдана отырып, «Тауарлар» тармағын қалыптастырады;

- ұлттық шоттар жүйесі: төлем балансының деректері ҰШК-ға «қалған әлемнің» шоттары ретінде енгізілген. Төлем балансының қаржылық шоты ҰШЖ қаржылық шотына сәйкес келеді (салалар бойынша);

- халықаралық инвестициялық позиция: төлем балансының қаржылық есебінің баптары халықаралық инвестициялық позициядағы операцияларға байланысты өзгерістерге толығымен сәйкес келеді;
- халықаралық резервтер: халықаралық резервтер мен төлем балансының статистикасындағы операциялар туралы мәліметтер толық келісілген.

Төлем балансының деректері ҚРҰБ-нің ресми басылымдарында «Статистикалық бюллетень» (ай сайын), «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы қарызы» (тоқсан сайын) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жылдық есебінде жарияланады.


Тарату форматтары:

Тоқсандық баспасөз басылымы:

Қазақ және орыс тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы

Айлық баспасөз басылымы:

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені

Басқалар:

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Жылдық Есебі

Электрондық:

ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz

Деректердің ұлттық беті: http://stat.gov.kz/faces/standartPage/standartsNational?_adf.ctrl-state=37m16ndsk_41&_afrLoop=48452799271529&page_id=standartPage#%40%3F_adf.ctrl-state%3D37m16ndsk_41

Жоғарыға