2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілерді конкурстық іріктеу жүргізетіні туралы хабарлайды.
Гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Гранттар беру қағидаларында белгіленген.
Конкурстық іріктеуге қатысуға:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу қызметіне байланысты мақсатқа, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
2) таратылу немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлғалар (бұдан әрі – ізденушілер) жіберіледі.
Ізденушілерді конкурстық іріктеу «Монеталық-ақша айналысын ынталандыру. Тиімді практикалар мен табысты стратегиялар» зерттеу тақырыбы бойынша өтеді:
Ұлттық Банкте өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша зерттеу тақырыбы бойынша бірден артық грант беру не гранттар бермеу құқығы бар.
Конкурстық құжаттамада хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыбы, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу талаптары, Ұлттық Банктің жауапты адамдарының байланыс деректері берілген.
Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған ізденушілердің өтінімдері Ұлттық Банкке электрондық түрде Қазақстан Ұлттық Банкінің Порталы арқылы беріледі.
Өтінім қабылдана бастайтын күн – 2024 жылғы 27 қараша.
Өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі – 2025 жылғы 10 қаңтар.
Конкурсқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда, мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.