Қазақстан Ұлттық Банкі

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы www. egov.kz, www.license (бұдан әрі - портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Төлем ұйымының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - заң) белгіленген төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық/қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;

2) портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.

2) төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) көшірмелері;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;

5) төлем ұйымы қызметті үлгі жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;

6) төлем ұйымының көрсетілген төлем қызметтері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыратын тиісті банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-әрекет жасау тәртібін айқындайтын құжат;

7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.

Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларына қойылатын міндетті талаптардың тізбесі Қағидаларда белгіленеді.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсыну;

2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну немесе құжаттардың заң және Қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі;

3) егер төлем ұйымының атқарушы органының басшысы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

4) егер төлем ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбесе.

Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептерді жойған кезде тіркеуге өтінішті қайта береді немесе атауын өзгерту немесе қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.

Төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептердің жойылмауы қайта қарастырудан бас тартуға негіз болып табылады.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қолжетімділік ашылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған:

www.nationalbank.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Жоғарыға