"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық депозитарий) құрылтай жиналысының шешімімен (1997 жылғы 16 мамырдағы № 1 хаттама) құрылды. Орталық депозитарий мамандандырылған коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның дауыс беруші акцияларының 63,24 % Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, 29,28 % – "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ға, 5,93 % – екінші деңгейдегі банктерге және 1,55 % – брокерлік компанияларға тиесілі.
Орталық депозитарий мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) депозитарлық қызмет;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметі;
3) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызмет;
4) банктік операциялардың жекелеген түрлері;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында Орталық депозитарийдің жүзеге асыруына тыйым салынбаған қызметтің өзге түрлері.
Орталық депозитарий депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір ұйым болып табылады.
Орталық депозитарий Басқармасының Төрағасы – Медеу Еділ Ахметқалұлы
Бас офис:
050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28
Жалпы телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Факс: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Интернет-ресурсы: www.kcsd.kz
E-mail: kacd@kacd.kz
Call-орталық: 8 800 080 86 68 (қалалық және ұялы телефоннан қоңырау шалу Қазақстан Республикасы бойынша тегін), +7 (727) 355 47 61, +7 777 150 94 22 (тек WhatsApp), ccmail@kacd.kz.
Қосымша офистер:
A15P5B5, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8, "Тенгиз Тауэрс" ТК аумағында
Телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
Факс: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60
E-mail: kacd@kacd.kz
010000, Астана қ., "Алматы" ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" БО, 101-оф.
Телефон нөмірлері: +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 (ішкі 320, 322)