1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Нұсқа ¹149 29/01/2024

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанның төлем жүйелері арқылы (Банкаралық ақша аударымы жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 980,3 трлн теңге сомаға 73,7 млн транзакция жүргізілді. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер саны 12,5% (8,2 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 24,5% (193,0 трлн теңгеге) көбейді.

БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-желтоқсан

саны

көлемі

2022

65 530,4

787 241,8

2023

73 725,0

980 279,6

Өзгеріс, %-бен

12,5%

24,5%

 

Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында БААЖ арқылы барлығы 969,3 трлн теңге сомаға 25,5 млн транзакция жүзеге асырылды. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлемдер саны 17,0%-ға (3,7 млн транзакцияға), төлемдер сомасы 24,8% (192,4 трлн теңгеге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде БААЖ арқылы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4,0 трлн теңге сомаға 104,1 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда саны бойынша 17,5% (15,5 мың транзакцияға) және сомасы бойынша 25,3% (798,1 млрд теңгеге) көп.

 

Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ)

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-желтоқсан

саны

көлемі

2022

барлығы

21 796,5

776 920,2

орташа алғанда бір күнде

88,6

3 158,2

2023

барлығы

25 504,1

969 288,3

орташа алғанда бір күнде

104,1

3 956,3

Өзгеріс, %-бен

барлығы

17,0%

24,8%

орташа алғанда бір күнде

17,5%

25,3%

 

Банкаралық клиринг жүйесі

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бөлшек төлемдер ағыны 11,0 трлн теңге сомаға 48,2 млн құжат болды. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 10,3% (4,5 млн құжат), төлемдер сомасы 6,5% (669,7 млрд теңге) көбейді.

Орташа алғанда бір күнде клиринг жүйесі арқылы 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 44,9 млрд теңге сомаға 196,8 мың транзакция жүргізілді, бұл 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда төлем саны бойынша 10,7% (19,0 мың транзакция) және төлем сомасы бойынша – 6,9% (2,9  млрд теңге) көп.

 

Банкаралық клиринг жүйесі

(тиісінше мың транзакция және млрд.тг)

Жыл

Қаңтар-желтоқсан

саны

көлемі

2022

барлығы

43 733,9

10 321,6

орташа алғанда бір күнде

177,8

42,0

2023

барлығы

48 220,8

10 991,3

орташа алғанда бір күнде

196,8

44,9

Өзгеріс, %-бен

барлығы

10,3%

6,5%

орташа алғанда бір күнде

10,7%

6,9%

 

Жоғарыға