1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 23 баспасөз релизі. Ең төмен резервтік талаптар туралы жаңа қағидалар жайында

1) «Банктердің ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын қоса алғанда, ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды, ең төмен резервтік талаптарды есептеу, ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін орындау, ең төмен резервтік талаптарды резервтеу және олардың нормативтерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы», 2019 жылғы 16 шілдеде күшіне енеді;

2) «Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы», 2019 жылғы 13 тамызда күшіне енеді.

Ең төмен резервтік талаптар тетігіне өзгерістер Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру шеңберінде енгізілді.

Өзгерістерді енгізуге байланысты банктер міндеттемелерінің құрылымы, нормативтердің мәні және резервтік активтердің құрылымы өзгерді.

Міндеттемелердің құрылымынан резиденттік қағидаты бойынша бөлу алып тасталады. ЕТРТ тетігіне өзгерістер енгізуге байланысты банктердің ЕТРТ есептеу үшін қолданылатын міндеттемелерінің құрылымы валюталар және мерзімдер бойынша бөлінеді.

Резервтік активтер ең төмен резервтік талаптарды орындау кезінде басым түрде банктердің Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары есебінен қалыптастырылады. Резервтік активтердің есептеу үшін қолданылатын қолма-қол кассаның көлемі ең төмен резервтік талаптарды айқындау кезеңіндегі ең төмен резервтік талаптардың орташа мөлшерінің 50%-мен шектеледі. ЕТРТ-нің қалған бөлігі банктердің ҚРҰБ-дағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтар есебінен орындалады.

ЕТРТ тетігіне енгізілетін толықтыру өтімділікті басқару және ақша құнын реттеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Резервтік міндеттемелердің әр түрі бойынша ең төмен резервтік талаптардың жеке нормативі белгіленген:

1) ұлттық валютамен қысқа мерзімді міндеттемелер – 2%;

2) ұлттық валютамен ұзақ мерзімді міндеттемелер – 0%;

3) шетел валютасымен қысқа мерзімді міндеттемелер– 3%;

4) шетел валютасымен ұзақ мерзімді міндеттемелер – 1%.

ЕТРТ-нің жаңа нормативтерін саралау ұлттық валютамен ұзақ мерзімді қорландыруды ынталандыруға бағытталған.

Банктер міндеттемелерінің құрылымын, резервтік активтерді оңтайландыруды және нормативтер белгілеуді көздейтін ЕТРТ-нің қолданыстағы тетігінің өзгеруі ақшакредит саясатының құралдарын жетілдіруге, банктердің өтімділікті басқару сапасын жақсартуға, банкаралық кредиттеуді дамытуға, ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігін күшейтуге, долларландыру деңгейін төмендетуге бағытталған. 

234.18 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға