1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

№ 18 баспасөз релизі. Қаржы нарығындағы ахуал туралы

Жыл басынан бері инфляция 1,8% (2018 жылғы қаңтар-сәуірде – 2,2%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,3%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1,2%-ға төмендеді.

Жылдық инфляция 4,9% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,0%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,2% болды.

2019 жылғы сәуірде халықтың инфляциялық күтулері өткен айдағы деңгейде сақталды. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,5% болды.

2. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2019 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 0,2%-ға немесе 47,2 млн АҚШ долларына 27,1 млрд АҚШ долларына (жыл басынан бері – 12,4%-ға немесе 3,8 млрд АҚШ долларына төмендеу) дейін ұлғайды.

Алтын сатып алу бойынша операциялар, Үкіметтің және басқа ұйымдардың Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы шетел валютасындағы қалдықтардың төмендеуімен, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялармен ішінара бейтараптандырылды.

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (59,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2019 жылғы сәуірдің соңында 86,4 млрд АҚШ доллары болды.

Ақша базасы 2019 жылғы сәуірде 8,9%-ға тарылды және 5 694,8 млрд теңге (жыл басынан бері тарылу 14,4%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы іс жүзінде өзгерген жоқ – 5 086,5 млрд. теңгеге дейін (15,2%-ға тарылу) 0,02%-ға тарылды.

2019 жылғы сәуірде ақша массасы, алдын ала деректер бойынша, 0,2%-ға төмендеп, 19 354,0 млрд теңге (жыл басынан бері төмендеу 7,0%) болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 207,4 млрд теңгеге 0,6%-ға (2,3%-ға төмендеу) ұлғайды.

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы1 2019 жылғы сәуірде көбіне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Сәуірде TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,12% (2019 жылғы наурызда – 8,23%) болды.

Ұлттық Банктің 2019 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%- дық1 дәлізбен жылдық 9,00%-ға дейін төмендетілді.

Ақша-кредит саясатының құралдары. 2019 жылғы наурыздың соңында Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) 4,4 трлн теңге болды.

Тікелей РЕПО операциялары бойынша Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі 286,5 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктегі банктік депозиттердің көлемі 706,6 млрд теңгеге дейін төмендеді, оның ішінде депозиттік аукциондар арқылы алынатын өтімділіктің көлемі – 299,0 млрд теңге.

Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемі бір айда 13%-ға ұлғая отырып, 2019 жылғы сәуірдің соңында 4 272,7 млрд теңгені құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2019 жылғы сәуірде 2 935,1 млрд теңгені құрады. 9 аукцион өткізілді, оның ішінде 2 611,4 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион (орташа алынған кірістілік – 8,76%), 187,7 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (кірістілік – 8,81%), 90,6 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,74%) және 45,5 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (кірістілік – 8,96%).

Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі бір айда 2 090,9 млрд теңгені құрады.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2019 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 113,4 млрд теңгеге ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды (МЕУКАМ) орналастыруды жүзеге асырды. 3 аукцион өткізілді, оларда 13 жылдық, 18 жылдық, 20 жылдық МЕУКАМ орналастырылды. Олар бойынша орташа алынған кірістілік жылдық 8,62% - 8,76% аралығында болды.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2019 жылғы сәуірде 1,0%-ға ұлғайып, 7 563,6 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар кірістілік қисығы инверсиялық болып қалады және оның траекториясы неғұрлым күшті теріс ауытқуды көрсетіп отыр, бұл қысқа мерзімді қазынашылық облигациялардың кірістілігі мен ұзақ мерзімді құралдардың кірістілігі арасындағы айырмашылықтың ұлғайғанын көрсетеді.

4. 2019 жылғы сәуірдегі валюта нарығы

2019 жылғы сәуірде теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 377,11– 381,94 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы сәуірдің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,3%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 381,08 теңге болды.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,8 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың едәуір көлемі (сауда-саттықтың жалпы көлемінен 80%-дан астам), негізінен жекелеген банктердің өздерінің бас шетелдік компанияларынан қарсы (сатып алу-сату) валюталық мәмілелер жасау арқылы валюталық тәуекелдерді хеджирлеуге байланысты. Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі өткен аймен салыстырғанда 22,9%-ға ұлғайып, 8,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың жалпы көлемінен үлесі 76,5%-ды құрады (2019 жылғы наурызда 74,9%). Осы операциялар банк топтарының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың немесе ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді.

2019 жылғы сәуірде халық нетто-негізде 154,7 млрд теңгеге балама сомаға қолмақол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 45,0%, немесе 69,5 млрд теңге, Ресей рублін – 33,8%, немесе 52,3 млрд теңге, еуро – 20,6%, немесе 31,9 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 3,6%-ға азайды. Валюта түрлеріне бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 18,2%-ға азайды, еуро және Ресей рублін сатып алуға шығыстар тиісінше 14,7%- ға және 10,6%-ға ұлғайды.

Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуларының жалпы көлемі 2019 жылғы қаңтар-сәуірде (657,0 млрд теңге) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға ұлғайды (2018 жылғы қаңтар-сәуірде – 605,6 млрд теңге).

5. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,4%-ға қысқара отырып, 2019 жылғы сәуірдің соңында 17 146,6 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 676,4 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 470,1 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 119,3 млрд теңгеге дейін 0,6%- ға ұлғайды, шетел валютасында 7 027,3 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы сәуірдің соңында 41,0% -ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы наурызда 5 245,8 млрд теңгеге дейін 1,8%-ға азайды, шетел валютасында 3 430,6 млрд теңгеге дейін 0,4%- ға ұлғайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,5%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 873,4 млрд теңгеге дейін 3,3%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 596,7 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 42,5%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,6%-ға ұлғайып, 11 682,0 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 915,1 млрд теңгені, шетел валютасымен – 4 766,9 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,9%-ды (10,4%) құрады.

6. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы сәуірдің соңында 12 566,7 млрд теңгені құрады (бір айда 0,7%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 029,5 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 5 537,2 млрд теңгеге дейін 1,9 %-ға өсті.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі 10,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 10 102,8 млрд теңгеге дейін 0,9%- ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,3%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 2,0 %-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 463,9 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,3%-ға өсті, ал жеке тұлғаларға кредиттер 2,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы сәуірдің соңында 80,4%-ды құрады (2019 жылғы наурызда – 80,3%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 697,1 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 869,6 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 220,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,7%) ұлғайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,0%), сауда (13,5%), құрылыс (5,8%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі.

2019 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2019 жылғы наурызда – 12,0%), жеке тұлғаларға – 18,5% (17,8%) болды.

7. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша төлем жүйелері

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері жұмыс істейді.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 311,7 трлн теңге сомаға 13,1 млн транзакция жүргізілді (2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдердің саны 1,1%-ға азайды, ал сомасы 18,7%-ға ұлғайды). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,9 трлн теңге сомаға 166,1 мың транзакция жүргізілді.

2019 жылғы сәуірде Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 2,2 трлн теңге сомаға 115,4 млн транзакцияны құрады (2018 жылғы сәуірмен салыстырғанда транзакциялардың саны 2 есе ұлғайды, сомасы 42,8%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 73%-ға дейін өсті (2018 жылғы сәуірде – 61,4%), қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 40,6%-ға дейін (29,7%) ұлғайды.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 25 млн бірлік болды. 2019 жылғы 1 мамырда Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 85,6 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 10,5 мың банкомат, 143,4 мың POS-терминал.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 184,1 млрд теңге сомаға 0,8 млн аударымды құрады. 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің төмендеуі 0,3%-ды құрады. Қазақстаннан тыс жерлерге жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен транзакциялардың жалпы санынан 94,1% (0,8 млн транзакция) және жалпы сомасынан 93,4% (172,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 5,9% (0,05 млн транзакция) және жалпы сомасынан 6,1% (11,3 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 116,7 млрд теңге сомаға 0,5 млн транзакция алынды.

8. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша банк секторы

Банк секторындағы ахуал тұрақты және кредиттеудің қалыпты өсуімен, банктердің еркін өтімділігінің жоғары деңгейімен және меншікті капиталының айтарлықтай қорымен сипатталып отыр.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2019 жылдың басынан бері 2,7%-ға төмендеп, 2019 жылғы 1 мамырда 24,6 трлн теңгені құрады. Активтердің төмендеуіне «Цеснабанк» АҚ-тың ауыл шаруашылығы кредиттері портфелін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-қа 604 млрд теңге сомаға сату себеп болды. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,7%, бағалы қағаздар портфеліне – 23,3%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,4% тиесілі.

Банктердің несие портфелі 2019 жылдың басынан бері 13,2 трлн теңгеге дейін 4,3%-ға қысқарды, бұл да «Цеснабанк» АҚ-тың қалыпқа келуіне байланысты.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі төменгі деңгейде сақталып отыр және 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені немесе жиынтық несие портфелінің 8,9%-ын құрайды.

Несие портфелі бойынша провизиялар 2,3 трлн теңге немесе несие портфелінің 17,6%-ы (2019 жылдың басында – 1,8 трлн теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылдың басынан бері 3,0%-ға азайып, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 21,6 трлн теңгені құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,1%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 8,5%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 2,6%-ды иеленеді. Банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері жиынтық міндеттемелерде 2019 жылдың басындағымен салыстырғанда 6,2%-дан 6,3%-ға дейін (1,3 трлн теңгеге дейін) ұлғайды.

Банк секторының депозиттік базасы 2019 жылдың басынан бері 16,6 трлн теңгеге дейін 2,4%-ға қысқарды, ол корпорациялардың депозиттерін қалыпқа келтіру шеңберінде «Цеснабанк» АҚ-тың облигацияларына конвертациялауға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың компаниялары сыртқы келісімшарттық міндеттемелерін төлеу үшін қаражатты алып қоюына негізделді.

Банк секторының жиынтық меншікті (реттеуіш) капиталы 2019 жылғы 1 мамырда 3,8 трлн теңгені құрады. Банк секторы капиталының жеткіліктілігі коэффициенті нормативтік мәндерден біршама жоғары тұр және: жиынтық реттеуіш капиталдың жеткіліктілігі нормативі (к2) – ең төменгі мәні 8,0% болған кезде 22,7%-ды; негізгі капиталдың жеткіліктілігі нормативі (к1) – ең төмені 5,5% болған кезде 17,3%-ды құрады.

Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде қатысушы банктердің тарапынан үдемелі қарқынмен проблемалық қарыздарды есептен шығару, провизияларды қалыптастыру және активтердің сапасын жақсарту бойынша талаптар орындалуда. Мәселен, 2018 жылы және 2019 жылғы 1-тоқсанда іс-шаралар жоспарлары шеңберінде қатысушы банктер 465 млрд теңге сомаға немесе провизияларды толық қалыптастырудың жоспарлы деңгейінен 75,6% провизияларды қалыптастырды. Жасалған провизиялардың есебінен 810,5 млрд теңге сомаға проблемалық қарыздар есептен шығарылды, сондай-ақ активтердің сапасын жақсарту және 1,1 трлн теңгеден астам сомада берешекті қайтару бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жалпы алғанда, Бағдарламаға қатысушы банктердің несие портфельдерінің сапасын жақсарту бойынша жүргізіп отырған жұмысы 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздарды беруге мүмкіндік берді.

9. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру нарығы

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 27 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2019 жылғы 1 мамырда 1 116,1 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 6,4%-ға өсті).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 5,8%-ға 613,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бастап 558,9 млрд теңгеге дейін 7,6%-ға өсті.

Меншікті капитал жыл басынан бері 7,2%-ға өсіп, 502,2 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 166,8 млрд теңгеге дейін 19,9%-ға өсті, оның ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 152,7 млрд теңге болды.

2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 38,9 млрд теңгеге дейін 74,3%-ға артты. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы үлесі 2018 жылғы 1 мамырдағы 16,0%-бен салыстырғанда 23,3%-ды құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 33,5 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 20,1%-ын құрады.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 92,1%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.

2019 жылдың басынан бері жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 37,9 млрд теңгені құрады, ол 2018 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 51,5%-ға көп.

10. 2019 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтарсәуірде 382,4 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 9 760,1 млрд теңгені құрады.

Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 2019 жылғы қаңтарсәуірде 154,9 млрд теңгеге ұлғайды, ол 2019 жылғы 1 мамырда 3846,9 млрд теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы 1 мамырда 9,9 млн шотты құрады.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде зейнетақы төлемдерінің сомасы 74,2 млрд теңгені құрады.

2019 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 42,1% және 28,9%).

11. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген

2019 жылғы 1-тоқсандағы мониторинг нәтижелері туралы Экономиканың нақты секторындағы 2019 жылғы 1-тоқсандағы ахуалды бағалау мақсатында 2019 жылғы сәуірде кәсіпорындарға кезекті мониторинг жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын көрсететін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 2019 жылғы 1-тоқсанда 3 190 болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар – 1 586. Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері экономиканың нақты секторындағы оң үрдістердің сақталуын көрсетіп отыр, олар алдыңғы тоқсанда да байқалды.

2019 жылғы 1-тоқсанда жалпы алғанда нақты сектор бойынша дайын өнімге сұраныс ұлғайды, диффузиялық индекс2 (ДИ) 2018 жылғы 4-тоқсандағы 51,9-дан 56,4-ке дейін ұлғайды. Сұраныстың өсуін саудадан басқа барлық саладағы кәсіпорындар атап өтті, онда ДИ 48,8-ді құрады. Шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқынының баяулауына қарамастан (ДИ 72,0-ден 66,7-ге дейін төмендеді), кәсіпорындардың дайын өнімдері бағасының өсу қарқыны іс жүзінде өзгеріссіз қалды (ДИ=56,5).

2019 жылғы 2-тоқсанда кәсіпорындардың күтуі бойынша дайын өнімге сұраныстың өсуі жалғасады, бірақ төмен қарқынмен (ДИ=54,6), дайын өнімге, сондай-ақ шикізат пен материалдарға бағаның өсу қарқыны айтарлықтай өзгермейді (тиісінше ДИ=56,8 және 65,5).

2019 жылғы 1-тоқсанда кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі біршама төмендеді. Негізгі (34%-ға дейін) және айналым қаражатын (14%-ға дейін) қаржыландырмаған кәсіпорындардың үлесі артты. Кәсіпорындардың көпшілігі негізгі және айналым қаражатын өз қаражаты есебінен қаржыландырады (тиісінше 63,1% және 81,6%). Негізгі құралдарды қаржыландыру үшін банктік қарыздар сұралған кәсіпорындардың 5,8%–ын, айналым қаражатын қаржыландыру үшін кәсіпорындардың 14,9%-ын пайдаланды.

2019 жылғы 1-тоқсанда іріктеуден кәсіпорындардың 17,2%-ы бұрын ашылған кредиттік желі бойынша кредит және кезекті транш алды, кредит беруден бас тарту үлесі мониторингке қатысушылардың жалпы санының 2,7%-ын немесе кредит алуға өтініш білдіргендер санының 13,6%-ын құрады. 2019 жылғы 2-тоқсанда кәсіпорындардың 15,8%- ы кредит алуға өтініш білдірмек.

Мониторингке қатысушылар алған кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі теңгемен сәл төмендеді (12,8%-дан 12,6%-ға дейін) және шетел валютасымен (6,8%-дан 6,9%-ға дейін) ұлғайды. 

454.45 Кб
Жарияланған күні:
Жоғарыға