Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ішкі валюта нарығында жағдайдың дамуы және тамыздағы әлем нарықтарындағы оқиғалар туралы

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың ішкі валюта нарығында жағдайдың дамуы және тамыздағы әлем нарықтарындағы оқиғалар туралы негізгі тезистері 

Тамыздағы әлем нарықтарындағы жағдай туралы

Жалпы алғанда, тамызда сыртқы жаңалық аясы бейтарап болды. Мұнайға баға белгілеу бір ай ішінде елеулі өзгеріссіз және артық құбылмалылықсыз $44,15-45,86 тар ауқымында саудаланды.

Айдың басында инвесторлар бақылап отырған маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі АҚШ және Еуроаймақ өндіріс секторындағы іскерлік белсенділік бойынша деректер шықты.

50 тармақтан жоғары индекстердің мәндері әлемнің жетекші экономикаларында өндіріс қуатының қалпына келгенін көрсетті. Қолайлы макроэкономикалық статистика аясында әлемдік қор индекстері өсуін жалғастырды, мысалы, S&P500 Америкалық акциялар индексі тамызда 7%-ға өсті, акциялардың жаһандық нарығының жай-күйін көрсететін MSCI World индексі тамызда 6.5%-дан астам өсті.

Алайда, инвесторлардың тәуекелге әуестігінің одан әрі артуын коронавируспен болған жағдайдың дамуы жөнінде қауіптену және жетекші елдердің арасындағы сауда келіспеушіліктерінің күшеюі тежеді. АҚШ ФРЖ басшылары вирустың таралуына байланысты АҚШ экономикасы перспективаларының белгісіздігі жоғары екенін көрсетті. Геосаяси жағдайда АҚШ Президенті ҚХР-мен жоспарланған келіссөздерді белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.

Өткен айда АҚШ доллары бағамының әлсіреуі елеулі үрдіс болды. Дамыған елдер валюталарына шаққандағы доллар индексі АҚШ ФРЖ-ның инфляцияның орташа көрсеткішіне бағдарды өзгерту туралы мәлімдемесі аясында тамыздың соңына қарай екі жылдық минимумға жетті. 
Бұл шара инфляцияның нысаналы мәннен жоғары көтерілу мүмкіндігімен мөлшерлемелерді төмен деңгейлерде мейлінше ұзақ уақыт ұстап тұруға мүмкіндік беретіні болжанады. Бұл жағдайда ФРЖ ұзақ уақыт икемді монетарлық саясат жүргізе алады, бұл да АҚШ қазынашылық облигацияларының нақты мөлшерлемелерінің төмендеуіне ықпал етті және алтын бағасының бір унция үшін $2000-дан жоғары рекордтық мәндерге дейін көтерілуіне алып келді.

Қалғаны бойынша сыртқы ая ішкі нарық үшін салыстырмалы түрде қалыпты болды.

Ұлттық Банктің валюта нарығындағы іс-әрекеттері туралы

Доллардың дамыған елдердің валюталарына қатысты әлсіреуіне қарамастан, дамушы елдердің валюталары түрлі бағыттағы, көбінесе ішкі факторларға байланысты қозғалатын серпінді көрсетті.

Егер Бразилия реалы және түрік лирасы сияқты валюталар тиісінше 5,2%-ға және 5,3%-ға әлсіресе, Мексика песосы 1,8%-ға, Индонезия рупиясы 0,3%-ға нығайды.

Шілдеде аздаған әлсіреуден кейін тамызда айырбастау бағамының салыстырмалы түрде шоғырланғанын байқадық. Бір айда теңгенің ресми бағамы 418-ден 420,11-ге дейін 0,5%-ға әлсіреді. Биржада тамызда теңгенің орташа бағамы 417,87 - 420,11 тар аралықта қалыптасты.
Ұлттық Банк тамызда валюта нарығына қатысқан жоқ. Бағамның өзгеруі орташа құбылмалықпен сипатталды және көбінесе ішкі факторлардың әсерінде болды. Биржада сауда-саттықтың жалпы көлемі шілдемен салыстырғанда 2,1 млрд доллардан 2,2 млрд долларға дейін аздап өсті.

Тамызда бейрезиденттердің 13 млрд теңге сомада ҚР бағалы қағаздар нарығына шамалы келуі байқалды және тамыздық соңында ноттардағы және Қаржыминінің МБҚ-дағы шетел инвестицияларының көлемі 172,1 млрд теңге болғанын да атап өткім келеді.

Теңге бағамының серпініне әсер ететін факторлар туралы

Тамыздың жекелеген күндері сыртқы факторлармен байланысты емес нығаюын байқадық. Бұл салық төлемдеріне байланысты шетел валютасының ұсынысы маусымдық ұлғаюымен байланысты болды. «Салық» аптасының әсер ететін нәтижесі мұнайға баға белгілеу ең төменгі мәндерге дейін құлдыраған ағымдағы жылғы наурызда дағдарыс басталу кезінен бастап алғашқы рет байқалды.

Әдетте, тамызда басқа маусымдық фактор – жазғы демалыс кезеңімен байланысты сұраныс байқалады. Алайда ағымдағы жылы пандемиямен байланысты шектеулер себебінен бұл фактор орын алмады.

Тамызда кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк Ұлттық қордан $681 млн долларға валюта сатуды жүзеге асырды. Тамызда трансфертті жүзеге асыру үшін конвертациялау мөлшері алдыңғы айлармен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды, бірақ бұл валюта нарығындағы теңгерімсіздікке әкелмеді.

Квазимемлекеттік сектор компаниялары өз міндеттемелері шеңберінде бір айда $266 млн доллар сомаға валюталық түсімнің бір бөлігін сатты, бұл да сұранысты теңдестірді.

Халықаралық резервтердің жай-күйі туралы

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, Қазақстанның халықаралық резервтері тамыздың соңында $94,1 млрд долларды құрады.

Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері тамыздың қорытындысы бойынша бір айда $22 млн долларға шамалы ұлғайып, $35,4 млрд долларды құрады.

Бір ай ішінде біз екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі валюталық шоттарына қаражаттың әкелінуін бақыладық, ол негізінен $300 млн доллар мөлшерінде мемлекеттік борыш бойынша төлемдерді жүзеге асырумен теңестірілді.

Резервтер құрамындағы алтын тұрақты деңгейде қалып отыр. Айдың бірінші жартысында алтын бағасының рекордтық өсуі үшін бір унция үшін 2075 доллар тарихи максимумға дейін төмендеді. Тамызда сары металдың бағасы $1975 доллардан $1956 долларға дейін 1%-ға төмендеді. Құбылмалылықтың артуына қарамастан, Ұлттық Банк мемлекеттің отандық алтын сатып алуға басым құқығын іске асыруды жалғастыруға ниет білдіріп отыр.

Ұлттық қордың валюталық активтері туралы

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері тамызда $0,44 млрд долларға ұлғайып, $58,68 млрд доларды құрады.

Әлемдік қор нарықтарындағы жағымды жағдай Ұлттық қордың көлеміне жағымды әсер етті. Осылайша, тамызда акциялар нарығының 6.5%-дан астам өсуіне және облигациялар нарығында 0.34%-ға аздап өсуіне байланысты шамамен $1 млрд мөлшерінде оң инвестициялық кіріс алынды. Қорға түсетін валюта түсімдерінің көлемі $112 млн құрады.

Қордан алу кепілдендірілген трансфертті бөлумен байланысты болды, оның көлемі тамызда 287 млрд теңгені құрады.

Ағымдағы аптада теңгенің әлсіреу себептері туралы

Теңгенің әлсіреуі біздің негізгі экспорттық тауарымыз – мұнай бағасының құлдырауымен тікелей байланысты. Қыркүйектің басынан бері инвесторлардың көмірсутектерге сұраныстың қалпына келуіне қатысты алаңдаушылығы аясында мұнай бағасы төмендеді. Осының аясында дамушы нарықтар мен шикізат экономикаларының валюталары қысым көріп отыр.

15 маусымнан бастап мұнай бағасы біздің жергілікті нарық жабылғаннан кейін 8 қыркүйекте $39,4 белгісіне жетіп, алғаш рет $40-тан төмен түсті. 9 қыркүйектегі биржалық сауда-саттық барысында теңге бағамы 426,50 деңгейіне дейін немесе алдыңғы күннің жабылу деңгейінен 0,6%-ға әлсіреді.

Алайда, кеше кешке мұнай бағасы бойынша ауытқуды да, сондай-ақ қор нарықтарында біршама қалпына келуді байқадық.

Әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалды дамыту перспективалары туралы

Қыркүйектің басынан бері біз акциялар нарығының өсуі алдымен технологиялық сектордағы акцияларды жаппай сату, содан кейін қор индекстерінің құлдырауымен қалай өзгергенін байқаймыз. Covid-19-дан AstraZeneca вакцинасын сынауды тоқтата тұру туралы хабарламалар аясында инвесторлардың тәуекелге әуестігінің төмендеуі байқалады.

Қыркүйектің ортасында ФРЖ ашық нарықтар жөніндегі комитетінің отырысы өтеді. Бұған дейін АҚШ ФРЖ мөлшерлемелер әлі де ұзақ уақыт бойы төмен деңгейде болады деп болжаған болатын. Орталық банктердің бұрын-соңды болмаған шаралары нәтижесінде өтімділік ағынының активтерді қолдауының жалғасып жатқанына қарамастан, нарықтар коронавирустық пандемияның жалғасуына және оның салдарына, сондай-ақ ағымдағы жылғы қарашада АҚШ президентінің сайлауына байланысты күзде тұрақсыздықтың өсуіне дайындалуда.
Геосаяси тәуекелдердің ықпалында қалып отырған ресей рублінің теріс серпінін де атап өткен жөн.

РФ ОБ ағымдағы мөлшерлемесі өзінің «терминалды» мәніне жету ықтималдығы жоғары екенін, сондай-ақ бюджетті қаржыландыру бойынша аукциондарда ФҚО орналастыру кезіндегі ауыспалы жетістікті ескере отырып, рубльдің одан әрі әлсіреу қаупі сақталуда.
Теңге үшін негізгі іргелі фактор болып табылатын мұнай бағасы қыркүйектің басынан бері қысымға ұшырады. Ағымдағы айдың басынан бастап құлдырау 11%-дан асты.

Көмірсутектерге сұранысты жақын арада қалпына келтіруде инвесторлардың сенімсіздігі негізгі теріс фактор болып табылады. Бұған Saudi Aramco тарапынан мұнайға баға түзетулері туралы жаңалық қосылды. Компания қазанда Азия мен АҚШ сатып алушылары үшін бағаның төмендегенін мәлімдеді. Мұнай бағасының сақталып отырған құбылмалылығы ұлттық валюта үшін тәуекелдің басты факторы болып қала береді. Екінші жағынан, локдаун алынып тасталғаннан кейін әлемдік мұнай тұтыну серпіні біртіндеп қалпына келеді.

COVID-19 жағдайының одан әрі дамуы және ОПЕК+ мүше елдердің саясаты мұнай бағасы үшін негізгі факторлар болады.

Ұлттық Банк сыртқы және ішкі нарықтардағы оқиғаларға мониторинг жүргізуді жалғастыруда және төтенше жағдайлар дамыған жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолжетімді құралдардың барлық спектрін пайдалануға дайын.

Жоғарыға