1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынхановтың теңгенің айырбастау бағамына қатысты түсініктемесі

– Бүгін таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің әлсіреу жағына қарай серпінін байқап отырмыз. Бұл рубльдің «әрекетіне» байланысты ма?

– Әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюы, мұнай өңдеу зауыттарының күзде жоспарлы қызмет көрсетуге жабылуы және ОПЕК елдерінің мұнай өндіру көлемінің біртіндеп қайтарылуы 2020 жылғы 2 қыркүйекте мұнай құнына айтарлықтай қысым көрсетті. Мұнай бағасы бір күнде 1,20 долларға немесе (–) 2,61%-ға құлдырады. Энергия тасымалдаушылар нарығындағы құбылмалылықпен бірге дамушы елдердің валюталары да құнсызданды, мысалы Индонезия мен ОАР валюталары бір күнде тиісінше (–) 1,2%-ға және (–) 1%-ға төмендеді.

Мұнай бағасының төмендеуінен және дамушы елдер валюталарының әлсіреуінен кейін теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамы да төмендеуін көрсетті: Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық барысында сағат 11:00-де бағам бір доллар үшін 420,35 теңге деңгейінде қалыптасты, бұл алдыңғы күннің жабылуына қарағанда (–) 0,44%-ға төмен.

2 қыркүйекте Еуропа сессиясы кезінде Ресей рублінің күрт әлсіреуі Германия билігінің Алексей Навальный «Новичок» тобының әскери затымен уланғаны туралы мәлімдемесі аясында орын алды. Мәлімдеме нарық ойыншыларының Батыс елдерінің ықтимал санкциялары туралы алаңдаушылығын тудырды және соның салдарынан Ресей валютасы (–) 2,3%-ға айтарлықтай әлсіреді.

Бұл ретте рубль бойынша жағымсыз жағдаят басқа дамушы елдердің валюталарына, оның ішінде теңгеге тікелей әсер еткен жоқ. Олардың әлсіреуі, жоғарыда атап өткендей, әлемдік нарықтарда АҚШ долларының нығаюына және мұнай бағасының құлдырауына байланысты.

Жоғарыға