1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

KASE жаңа сауда-клирингтік жүйесі – ішкі нарық инфрақұрылымын дамытудағы кезекті қадам

Пандемияның әсеріне қарамастан, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) қаржы нарығы мен қор үшін жаңа сауда-клирингтік жүйесін жоспарлы және сәтті енгізе білді. 2020 жылы 30 қарашада валюта нарығы іске қосылды. Қазақстан Ұлттық Банкі Монетарлық операциялар департаментінің басқарма басшысы Мұхтар ОРМАН жаңа сауда жүйесі Қазақстанның валюта нарығына не беретінін және қаржы нарықтарының жұмыс істеуіне бағдарламалық қамтамасыз етудің ықпалы қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп береді.

– Ішкі қаржы нарығын дамытуды тиісті инфрақұрылымды дамытпай іске асыру мүмкін емес. Қазіргі заманғы биржалық инфрақұрылым сатылатын құралдар мен олар бойынша есеп айырысулардың кең спектрін ұсынуы керек, сондай-ақ жоғары технологиялық және сенімділік өлшемшарттарына сәйкес келуі керек.

– IT-жүйелерді жаңғыртуды Қазақстан қор биржасы бүкіл жұмыс істеу уақыты бойы жүргізіп келеді және негізгі стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Нарық пен қаржылық қызметтердің қазіргі дамуы болашақ сын-қатерлерге жауап бере алатын IT-технологияларды дамытудың жеделдетілген қарқынын талап етеді. Биржа биржалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыру, операциялық тәуекелдерді азайту, сауда-саттықтың жаңа режимдерін және жаңа құралдарды енгізу, нарықтық ақпаратпен алмасудың сертификатталған хаттамаларын енгізу бойынша биік мақсаттар қояды.

Жаңа «ASTS+» сауда-клирингтік жүйесімен валюта нарығында сенім пайда болып, өнімділік пен функционалдық көрсеткіштері артады. Жаңа платформа жоғары жиілікті сауданы, оның ішінде сыртқы алгоритмдік сауда жүйелерінің қатысуымен ұйымдастыруға жол ашады. Бұл жеке сауда шоттарының көп санын қолдауға мүмкіндік береді, брокерлер арқылы жеке тұлғалар арасында сауданы танымал ету кезінде сөзсіз өз көрінісін табады. Сипатталған іс-шаралар синергетикалық әсер беруі, сондай-ақ валюта нарығына бейрезиденттерді тартуға оң әсер етуге тиіс, нәтижесінде, бұл оның өтімділігінің артуына алып келеді.

– KASE сауда жүйесін жаңғырту бойынша белгіленген жоспардың барлығын іске асырды ма?

– Қазақстанның қор биржасы 2019 жылдан бастап «ASTS+» жаңа сауда-клиринг жүйесін қолданысқа енгізе бастады және қор нарығында орталық контрагент функцияларын орындауға кірісті. Сауда-саттық қорытындылары бойынша мәмілелердің орындалуына кепілдіктерді қамтамасыз еткенде ғана орталық контрагенттің негізгі функциясы айқындалатынын еске салғым келеді. Мәселен, жаңа жүйені енгізген бойда 2019 жылғы 3 желтоқсанда орталық контрагентпен акциялармен, пайлармен, теңгемен және еурооблигациялармен есеп айырысумен – ETF, АҚШ долларымен есеп айырысумен – GDR сауда-саттығы басталды.

2020 жылы тамызда «ASTS+» релизінің екінші сатысы биржаға мемлекеттік бағалы қағаздарды, корпоративтік облигацияларды, сондай-ақ ақша нарығының құралдарын қоса алғанда, қор нарығының барлық қаржы құралдары бойынша орталық контрагент функциясын орындауға мүмкіндік берді.

Бастапқы екі релизді қосқаннан кейін осы жылғы 30 қарашада валюта нарығындағы барлық сауда-саттық та жаңа сауда-клиринг жүйесіне ауыстырылды. Бұл ретте, биржа орталық контрагент функцияларын валюта нарығында да орындайтын болады.

«ASTS+» жүйесі бағалы қағаздардың отандық нарығының жағдайлары мен заңнамасына тиісті бейімделіп, Мәскеу Биржасы (MOEX) сауда платформасының базасында әзірленді. Жаңа сауда жүйесін енгізу KASE-тің Мәскеу Биржасымен стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыру аясында жүргізіледі, онда қор, валюта және мерзімді нарықтарда сауда және клиринг жүйелерін саты-сатысымен жаңғырту жоспарланған, бұл биржаға жаңа сауда құралдары мен есептік циклдерді енгізуге, IT-инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, тәуекелдерде төмендетуге мүмкіндік береді және жоғары жиіліктегі сауда үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

«ASTS+» жаңалықтарынан биржадан тыс нарыққа ұқсайтын келіссөздер мәмілесі режимін атауға болады. Сол сияқты табысты қаржы құралдарының аясы кеңейіп, тәуекел-менеджмент жүйесі біршама жақсартылды.

IT-жүйелерінің жоғары сенімділігі, бір секундта шамамен 30 мың транзакцияны өңдеу жылдамдығымен тез іс-қимыл және қаржы нарығы құралдарының кең жиынтығын қолдаумен жұмыс жасауы «ASTS+» өзгешеленетін ерекшеліктері болып табылады. Жаңа жүйені енгізу валюта нарығында орталық контрагенттің функционалы мен тәуекелдерді басқару жүйесін жақсартуға ықпал етеді.

Жоғарыға