1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары И. Сердюктің 2020 жылғы 9-16 қазан аралығындағы кезеңде жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу бойынша түсініктемесі

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 16 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,2%-ға (427,29-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 428,05 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 9 – 16 қазан аралығындағы кезеңде коронавирустың екінші толқынының оралуына, АҚШ-та президенттік сайлауға дейін ынталандыру шараларының топтамасын қабылдай алмауға және Covid-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізудегі сәтсіздіктерге қатысты қауіптену аясында дамушы нарықтардың көптеген валюталарының теріс түзетілуі байқалды. Сонымен қатар, ХВҚ коронавирустың таралуы тоқтатылғанға дейін әлемдік экономикада бұрынғыша әркелкі қалпына келу проблемасы орын алады деп ескертті. АҚШ Қаржыминінің деректері бойынша қыркүйек айында АҚШ-тағы бөлшек сатылым 1,9% м/м (күтілгеннен көп) өсті, бірақ тұтыну шығындарының тез өсуі мемлекеттің бюджетті ынталандырумен байланысты болуы мүмкін.

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Индонезия рупиясының бағамы бір аптада 14 698 (14 700-ден) деңгейіне жетіп, өзгерген жоқ. Индонезияның орталық банкі негізгі мөлшерлемені (4%) сақтап қалды, себебі экономиканы ынталандыру үшін реттеуші мемлекеттік облигацияларды сатып алу сияқты басқа шараларды қолданады;
  • Мексика песосы бір аптада 21,14-ке жетіп, өткен аптадағы белгілерге қайта оралды. Билеуші партиядағы көшбасшылық үшін күресте екі кандидат жеңіске жеткенін мәлімдеді, бұл аралық конгресс сайлауы алдында саяси бөліну тәуекелін тудырады;
  • үнді рупиясы 2020 жылы ІЖӨ-нің (-)10,3%-ға дейінгі қарқыны ((-)4,5%-ке қарсы – бұрынғы болжам) бойынша ХВҚ болжамын теріс түзетулер аясында 0,3%-ке (73,13-тен 73,35-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды карантиндік шаралардың жеңілдегеніне қарамастан тамызда өнеркәсіп өндірісінің теріс өсуі (-)10,8% ж/ж туралы деректердің шығуы аясында 0,5%-ға (16,47-ден 16,56-ға дейін) әлсіреді.
  • түрік лирасы 0,6% - ға (7,87-ден 7,92-ге дейін) әлсіреді. Қыркүйекте бюджет тапшылығы әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіне төленетін төлемдердің өсуіне байланысты түсімдерден шығыстардың асып кетуі аясында шамамен $3,8 млрд болды. Одан басқа, ағымдағы шот тапшылығы туризмдегі құлдырау аясында тамызда (-)$4,6 млрд-қа ұлғая түсті;
  • Ресей рублі А.Навальныйдың улануына байланысты ЕО-ның Ресейге қарсы санкциялары, сондай-ақ жаһандық инвесторлардың тәуекелге қатысты дәрежесінің төмендеуі аясында 1,3%-ға (76,77-ден 77,8-ге дейін) әлсіреді. 
  • Бразилия реалы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы және реттеушінің
  • спот нарығындағы интервенцияға ($560 млн.) қарамастан тәуекелді қабылдамауы аясында 2,2%-ға (5,53-тен 5,65-ке дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:

+7 (717) 2 775 205

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Жоғарыға