1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

ҚҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары И. Сердюктің 2020 жылғы 2 - 9 қазан аралығындағы кезеңде жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу бойынша түсіндірмесі

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 9 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,9%-ға (431,12-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 427,29 теңге деңгейінде қалыптасты. Ұлттық валютаның нығаюына сыртқы нарықтардағы ахуалдың жақсаруы ықпал етті. Апта қорытындысы бойынша мұнай бағасы 9,1%-ға өсті. Мұнай бағасын белгілеудің өсуі «Дельта» дауылының жақындағаны туралы жаңалықтар аясында өтті. Мексика шығанағындағы дауыл қаупі шығанақтағы 80%-дан астам мұнай өндіруші алыптардың тоқтап қалуына әкелді. Норвегиядағы мұнай өндіру орындарындағы жұмысшылардың ереуілі мұнай бағасына оң қолдау көрсетті

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 2–9 қазан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ Қаржы министрі С.Мнучин АҚШ президенті Дональд Трамптың ынталандыру шараларының толық ауқымды топтамасын қабылдау қажеттілігіне бейім екенін хабарлады. Нарықтық оптимизм АҚШ-тың ақша-кредит саясатын одан әрі жеңілдету мүмкіндігімен байланысты. 

Дамушы елдер валюталарының[1] АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы Бразилияда тамызда аталған бөлшек сатудың рекордтық жоғары деңгейге дейін өсуі және АҚШ доллары индексінің жалпы әлсіреуі аясында 2,6%-ға (5,68-ден 5,53-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы Үкімет жариялаған 14 млрд АҚШ долларына дерлік сомада инфрақұрылымға инвестициялаудың жаңа жоспары аясында 2,2%-ға (21,62-ден 21,14-ке дейін) нығайды.
  • Ресей рублі мұнай бағасының серпіні және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдық дәрежесне қатысты шиеленістің төмендеуі аясында 1,8%-ға (78,19-дан 76,77-ге дейін) нығайды.
  • Индонезия рупиясы АҚШ-та ынталандыру шараларының жаңа топтамасын қабылдау бойынша оптимизм аясында 1,1%-ға (14 865-тен 14 700-ге дейін) нығайды.
  • Оңтүстік Африка ранды Президенттің 15 қазанда жаңа Экономиканы қайта
  • құру және қалпына келтіру жоспарын ұсыну туралы мәлімдемелері аясында, сондай-ақ инвесторлардың тәуекел дәрежесінің өсуі аясында 0,4%-ға (16,53-тен 16,47-ге дейін) нығайды.
  • үнді рупиясы айтарлықтай өзгеріссіз саудаланды. Отырыста Үндістанның
  • Орталық Банкі негізгі мөлшерлемелерді өзгеріссіз сақтап қалды.
  • түрік лирасы Таулы Қарабақ ауданында геосаяси шиеленістің күшеюі және АҚШ тарапынан ықтимал санкцияларға қатысты қауіптердің өсуі аясында 1,3%-ға (7,77-ден 7,87-ге дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:

+7 (717) 2 775 205

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz

[1]АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Жоғарыға