1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

25 қыркүйек пен 2 қазан аралығындағы кезеңде жекелеген дамушы елдердің валюталарына шолу бойынша түсіндірмесі

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша 2 қазанда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,1%-ға (426,32-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 431,12 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 25 қыркүйек – 2 қазан аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-та Президентке үміткер Дональд Трамп пен Джо Байден арасында алғашқы пікірталас өтті. Президенттік сайлау басталғанға дейін бір ай бұрын Дональд Трамп пен АҚШ-тың бірінші ханымының короновирусқа тапсырған сынақтары оң нәтиже көрсетті. АҚШ Конгресі өкілдерінің палатасы демократтар ұсынған 2,2 трлн АҚШ доллары көлеміндегі ынталандыру пакетін мақұлдады, сонымен қатар талдаушылардың пікірінше партиялар арасында келісімнің болмауына байланысты оны Сенатта бекіту мүмкіндігі өте аз. Қыркүйектің соңында Қарабақтағы Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс күшейе түсті. Қытайдың іскерлік белсенділік индексі (PMI) экономиканың қалпына келу белгісін көрсете отырып, өсімді көрсетті.

Дамушы елдер валюталарының1 АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка ранды үш ай ішінде алғаш рет орталық банктің нысаналы ауқымының төменгі шегіне жақын қала отырып, тамызда елдегі инфляцияның бәсеңдеуі аясында 3,5%-ға (17,13-тен 16,53-ке дейін) нығайды. Сауда балансының оң сальдосы тау-кен өндіру өнеркәсібінің өсуіне қарай ұлғайды;
  • Мексика песосы 3,2%-ға (22,34-тен 21,62-ге дейін) нығайды. ОБ инфляцияның өсуіне және келесі жылы ең төменгі жалақының өсу ықтималдығына байланысты мөлшерлемелерді азайтудың 13 айлық циклын тоқтата тұру ықтималдығы туралы мәлімдеді; 
  • үнді рупиясы 2-тоқсанда төлем балансының ағымдағы шотының оң сальдосы және қыркүйекте іскерлік белсенділік индексінің өсуі аясында 0,6%-ға (73,61-ден 73,14-ке дейін) нығайды;
  • Индонезия рупиясы ОБ-ның валюта тұрақтылығын қолдау ниеті туралы өтініштері аясында 0,1%-ға (14 873-тен 14 865-ке дейін) нығайды;
  • Ресей рублі ЕО тарапынан жекелеген тұлғаларға қатысты ресейге қарсы жаңа санкциялардың күшеюі және мұнай бағасының төмендеуі аясында 0,1%-ға (78,15-ден 78,19-ға дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы 1,4%-ға (7,66-дан7,77-ге дейін) әлсіреді. Бұл ретте Түркия шетел валютасын сатып алуға салынатын салықты азайтты, бұл биліктің инвесторлар жағдайына теріс әсер еткен реттеу шараларын жұмсарту бойынша кезекті қадамы болды;
  • Бразилия реалы коронавирус пандемиясының салдарымен күресу үшін тамызда мемлекеттік борыштың ІЖӨ-ден 88,8%-ға дейін рекордтық өсуі және нәтижесінде бюджет тапшылығының ұлғаюына қатысты инвесторлар алаңдаушылығының артуы аясында 2,2%-ға (5,56-дан 5,68-ге дейін) әлсіреді.

1 АҚШ долларына қатысты көлемі тұрғысынан неғұрлым көп саудаланатын дамушы елдердің валюталары

Жоғарыға