Серверлік жабдықта жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ҚҰБ-тың интернет-ресурсы 27 сәуір сағат 9:00-ден 28 сәуір сағат 23:00-ке дейін уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін

1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Ұлттық Банк Ақша-кредит саясаты туралы Баяндаманың алғашқы шығарылымын жариялады

ҚР Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың «Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманың» алғашқы шығарылымының жарияланымына қатысты түсіндірмесі

Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау негізінде жатқан факторларды кең аудиторияға толық түсіндіру мақсатында «Ақша-кредит саясаты туралы баяндаманы» жариялауды бастап отыр. Баяндаманы «Инфляцияға шолудың» орнына тоқсан сайынғы негізде жариялайтын боламыз.

Баяндамада жаңа бөлімдер пайда болды. Олардың бірі монетарлық талдауға және ақша агрегаттарына арналған, екінші бөлім базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы шешімдер жөніндегі түсіндірмелерді қамтиды. Бұл қабылданған шешімдердің алдыңғы риторикамен байланысты екенін және ақша-кредит саясатының бағыттылығын ашып көрсететінін көрсету үшін жасалған.

Құжатта ішкі валюта нарығын және теңгенің серпініне күш беретін сыртқы драйверлерді талдау кеңейтілді. Біздің көзқарасымыз бойынша базалық мөлшерлеменің ақша нарығының мөлшерлемесіне, депозиттер мен кредиттер бойынша мөлшерлемеге, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының мөлшерлемесіне ықпалын талдауды жариялау монетарлық трансмиссияның қалай жұмыс істейтіні туралы толық түсінік береді.

«Макроэкономикалық жағдайлар» жеке бөлімі әлемдік экономиканы, сауда әріптес елдердегі экономикалық жағдайды және тауар нарықтарын, ішкі экономиканың дамуын, бюджеттік саясат пен инфляциялық процестерді талдау қамтылатын болжамның ағымдағы жағдайларын сипаттаудан тұрады.

Баяндамада болжамдар мен тәуекелде орталық рөл атқарады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау кезінде соларды ескереміз. Бұл ретте баяндамада өзекті мәселелер бойынша жекелеген тақырыптық топтамаларды жариялау тәжірибесін сақтағанымызды атап өткім келеді.

ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің ақша-кредит жағдайлары туралы түсіндірмесі

Ағымдағы жылғы наурыздан бастап ақша массасының көлемі дағдарысқа қарсы шаралар іске асырылуы және жеке кредиттердің өсімі аясында жоғары деңгейде сақталуда.

Экономикада ақша ұсынысы өсуде. Бұл ішкі сұраныс төмендеу және кредиттеудің әлсіз серпіні аясында ақша нарығында өтімділік профициті сақталуына ықпал етеді.

Ақша нарығында өтімділік профициті өсуі мөлшерлемені базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегінің деңгейіне дейін төмендетуге әсер етеді. Ақша нарығының түрлі сегменттерінде мөлшерлемелер құбылмалық кезеңдерінде спрэдті кеңейте отырып, операциялық таргеттің деңгейіне таман қалыптасады.

Облигациялар нарығында Қаржыминінің қысқа мерзімді қағаздары түзетілгені байқалады. Бұл өтімділік Ұлттық Банктің ноттарынан Қаржы министрлігінің МБҚ-на қайта теңгерілуіне ықпал етеді. 2020 жылғы наурыз-сәуірдегі жоғары мәндерден кейін корпоративтік облигациялардың кірістілігі базалық мөлшерлеменің артынан, олар арасындағы спрэдке қарамастан, төмендеуде, Депозиттер бойынша мөлшерлемелер тұрақтанды. Депозиттердің жылдық өсімі теңгемен жеке және корпоративтік салымдар ұлғаюы аясында жоғары деңгейде сақталуда. Долларландыру біртіндеп төмендеп келе жатқанын атап өтемін, салымшылардың көбісі ақшаны ұлттық валютада сақтауды артық көреді.

ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтың кәсіпорындардың 2020 жылғы І жартыжылдықтағы қаржылық жағдайы туралы түсіндірмесі

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының серпінін талдауға сәйкес орнықты кәсіпорындар үлесінің біртіндеп төмендеуі және қаржылық жағдайы күрделі кәсіпорындар санының өсуі байқалады.
Жыл басынан бері орнықты компаниялардың үлесі
15,4%-дан 14,4%-ға дейін төмендеді, қаржылық жағдайы күрделі кәсіпорындардың үлесі 34,0%-дан 35,3%-ға дейін ұлғайды.

Бұл ретте салалардағы жағдай әртүрлі. Егер «тұру және тамақтану бойынша қызметтер» салаларында, тау-кен өнеркәсібінде және саудада нашарлау тіркелген болса, құрылыс саласында оң үрдіс бар. Қаржылық жағдайы күрделі кәсіпорындардың үлесі (41,1%-дан 37,2%-ға дейін) төмендеді.

Төтенше жағдай (ТЖ) режимінің күшін жою және карантинді жеңілдету қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтандыру жұмысына оң әсерін тигізгенін атап өткім келеді – қаржылық жағдайы күрделі компаниялар саны 2020 жылғы 1-ші тоқсандағы 40,3% дан 37,1%-ға дейін төмендеді.

Қаржылық көрсеткіштерді бағалау нәтижелері бойынша 2020 жылғы II тоқсанда қаржылық жағдайы күрделі кәсіпорындардың ең көп үлесі саудаға (42,0%), ал қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорындардың ең көп үлесі құрылысқа (20,4%) келді.

И.Осипов атап өткендей, талдауды қамту репрезентативті болып табылады, өйткені тоқсан сайынғы пікіртерімдерге экономиканың нақты секторының 3000-нан астам кәсіпорны қатысады.

Толығырақ

Жоғарыға