1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Сыртқы борыш

Деректер: қамтылуы, кезеңділігі және уақтылы болуы

Қамту сипаттамасы

 

 

Есепті күніндегі сыртқы борыш Қазақстан Республикасы резиденттерінің бейрезиденттер алдындағы негізгі борышы мен/немесе сыйақыны болашақта өтеуді талап ететін ағымдағы шартсыз міндеттемелерінің өтелмеген сомасын білдіреді.
Сыртқы борыш бойынша деректер берешектің қандай валютада номинирленгеніне қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық институционалды экономикалық секторларының бейрезиденттер алдындағы берешегін қамтиды. Мерзімі өтіп кеткен берешек ол пайда болған құрал құрамында есепке алынады.
Сыртқы борыштың негізгі сипаттамасы борышкердің негізгі борышты және/немесе сыйақыны төлеу міндеттемесі болып табылады, сондықтан оның құрамына келесілер кірмейді: капиталға қатысу, туынды қаржы құралдары, кепілдемелер және өзге шартты міндеттемелер.
Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру үшін әдіснамалық негіз Халықаралық валюталық қордың «Сыртқы борыш статистикасы: құрастырушылар мен қолданушыларға арналған нұсқаулығы» 2013 ж., сонымен қатар – «Төлем балансы және халықаралық инвестициялық позиция бойынша нұсқаулықтың» алтыншы басылымы (ТБН6), 2009 ж. болып табылады.

Есепті күндегі сыртқы борыштың жай-күйі туралы деректер келесі негізгі жіктеулерді көздейді:
– институционалды секторлар бойынша – мемлекеттік басқару органдары, орталық банк, банктер, басқа секторлар, фирмааралық берешек;
– өтеу мерзімдері бойынша – қысқа мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бір жыл және одан кем немесе талап ету бойынша өтелетін) және ұзақ мерзімді (алғашқы өтеу мерзімі бойынша бір жылдан жоғары);
– борыштық құралдардың түрлері бойынша – қолма-қол валюта және депозиттер, борыштық бағалы қағаздар, кредиттер мен несиелер, сауда кредиттері мен алғытөлемдер, өзге міндеттемелер, арнайы несие алу құқықтары.

Сыртқы борышты қалыптастыру үшін ақпарат көздері болып келесілер табылады:
– банктердің, басқа қаржылық ұйымдардың және шетелдік компаниялардың филиалдары мен мемлекеттік органдарды қоса алғандағы қаржылық емес ұйымдардың статистикалық және әкімшілік есептері, жеке тұлғалардың әкімшілік есептері;
– Ұлттық Банк бухгалтерлік және өзге есептерінің деректері.

Деректер АҚШ долларында қалыптастырылады.

Кезеңділік

Тоқсан сайын 

Ұсыну мерзімділігі

 Есепті кезеңнен кейінгі 90-шы күн

Қоғамдық қол жетімділік

Деректерді жариялау мерзімінің күнтізбесі

Ұлттық Банк ресми статистикалық ақпаратының, оның ішінде сыртқы сектор статистикасы бойынша ақпаратының таратылу күнтізбесі Ұлттық Банк сайтында орналастырылады:
https://nationalbank.kz/kz/page/kalendar-rasprostraneniya-dannyh.
Сонымен қатар күнтізбе Ұлттық статистика бюросының сайтында қолжетімді: https://stat.gov.kz/inf/standard/calendar.

Барлық мүдделі тараптарға бір уақытта ақпарат ұсыну

Сыртқы борыш бойынша деректер орнатылған мерзімдерде Ұлттық Банк сайтында орналастырылады: https://nationalbank.kz/kz/news/vneshniy-dolg  және барлық пайдаланушыларға бір мезгілде қолжетімді болады.

Шынайылығы

Жеке респонденттер бойынша мәліметтердің құпиялылығын сақтай отырып, статистикалық деректерді қалыптастырудың нормативтік-құқықтық шарттары туралы ақпаратты тарату

 

Сыртқы борыш бойынша деректерді жинау және тарату мыналармен реттеледі:

• Қазақстан Республикасының “Ұлттық Банк туралы” 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Заңымен.
Заңның 8-бабына сәйкес Ұлттық Банк міндеттеріне елдің төлем балансы, халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы бойынша статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату кіреді.
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы” 1999 жылғы 29 қаңтардағы №71 қаулысымен.
Осы қаулыға сәйкес Ұлттық Банк төлем балансын қалыптастыру және жариялау үшін жауапты мемлекеттік орган болып табылады және оған барлық респонденттен төлем балансы жөніндегі статистикалық ақпаратты жинау құқығы беріледі.
• Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік статистика туралы” 2010 жылғы 19 наурыздағы №257-IV Заңымен.
Заңға сәйкес алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
• Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V кодексімен.
Кодексте мемлекеттік статистика органдарының, мемлекеттік статистика облысында уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғасының алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер қорларын жоғалтып алуы, сатуы немесе өзге де заңсыз түрде жария етуі үшін жазалау шаралары көзделген.

Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Төлем балансы департаменті жауапты болып табылады.

 

Мемлекеттік басқару органдарының деректерді шығармас бұрын оларға қолжетімділігі (қолжетімділіктің болмауы)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары ақпаратқа ол ресми түрде жарияланғанға дейін қол жеткізе алмайды. 
Статистикалық мәліметтерді шығару кезінде министрліктердің ескертулерінің болуы Деректер министрліктер мен ведомстволар тарапынан қандай да болмасын түсініктемелерсіз жарияланады.
Деректерді нақтылау туралы ақпарат беру және жарияланатын деректер әдіснамасына өзгерістер енгізу туралы алдын ала хабарламаларды жариялау Есепті кезең үшін деректерді шығару кезінде бұрын басылып шығарылған кезеңдер өзектендіріледі, бұл есептердің немесе әдіснаманың нақтылануымен, жаңа ақпарат көздерінің пайда болуымен және т.б. байланысты.
Деректер бір жылда екі рет қайта қаралады: қазан және сәуір айларында. Деректерді қайта қарау есепті жылдың алдындағы екі жылды қамтиды.
Деректерді қайта қарауға қатысты түсіндірмелер жаңартылған деректермен бірге Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады.
Әдіснамадағы негізгі өзгерістер пайдаланушыларға осындай өзгерістер енгізілген сәттен бастап хабарланады.

Сапа

Әдіснама және статистикалық деректерді дайындау кезінде пайдаланылатын дереккөздер туралы ақпаратты тарату

Ұлттық Банктің ДТАС бойынша тарататын ақпаратына әдіснамалық түсіндірмелер келесі мекен-жай бойынша орналастырылған: https://nationalbank.kz/kz/news/vneshniy-dolg.
Сонымен қатар, дереккөздер туралы ақпаратты және жеке көрсеткіштерді бағалаудың әдістемелік қағидаттарын қоса алғандағы түсіндірмелер https://nationalbank.kz/kz/news/platezhnyy-balans/rubrics/1574 мекен-жайы бойынша қолжетімді болып табылатын Ұлттық Банктің «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» тоқсандық басылымында жарияланады.
Сыртқы борыштың абсолютті және салыстырмалы параметрлері тоқсан сайын https://nationalbank.kz/kz/news/statisticheskiy-byulleten/rubrics/1556 мекен-жайы бойынша қолжетімді Ұлттық Банктің «Статистикалық бюллетень» басылымында жарияланады.

Әр-түрлі статистикалық жүйелерді қолдану арқылы деректердің егжей-тегжейлі компоненттерін тарату, өзара байланысқан көрсеткіштерді сәйкестендіру, тоғыспалы тексерістер жүргізу және деректерді растау мүмкіндіктері

 

Ұлттық Банк сыртқы борыш статистикасын деректердің егжей-тегжейі түрлі деңгейде ашылған презентацияларда таратады:
– стандартты компоненттер;
– талдамалық ұсыным;
– таза сыртқы борыш;
– ағындар мен қорлардың келісуі;
– сыртқы борыштың абсолютті және салыстырмалы параметрлері.

Одан басқа, Ұлттық Банктің сайтында тоқсан сайынғы негізде кредитор елдер, қарыз алушылардың салалары, кредиторлар мен қарыз алушылар секторлары, сыйақы мөлшерлемелері, міндеттемелердің валютасы, өтеуге дейін қалған мерзім бойынша сыртқы борыш кестелері, сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер кестесі, сонымен қатар эмиссия орны бойынша резиденттер шығарған және бейрезиденттерге тиесілі борыштық бағалы қағаздар; сыртқы қарыздарды тарту шарттары; кеңейтілген айқындаудағы мемлекеттік сектордың сыртқы борышы бойынша кестелер орналастырылады.

Сыртқы борыш көрсеткіштері халықаралық инвестициялық позиция статистикасының деректерімен өзара байланысқан: сыртқы борыш бойынша деректер халықаралық инвестициялық позициядағы туынды қаржы құралдарын қоспағанда борыштық құралдар бойынша міндеттемелермен толық сәйкестікте болып табылады.

Сыртқы борыш деректері ҚРҰБ «Статистикалық бюллетень» (ай сайын), «Қазақстан Республикасының төлем балансы және сыртқы борышы» (тоқсан сайын) ресми басылымында және Қазақстан Ұлттық Банкінің Жылдық есебінде жарияланады.


Тарату форматтары:

Тоқсандық баспасөз басылымы:

Қазақ және орыс тілінде ҚР-ның төлем балансы және сыртқы борышы

Айлық баспасөз басылымы:

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені

Басқалар:

Қазақ, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ-нің Жылдық Есебі

Электрондық:

ҚҰБ-нің интернет-ресурсы: http://www.nationalbank.kz

Деректердің ұлттық беті

Жоғарыға