1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

Қор биржасы

Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы

Қамту ерекшеліктері

KASE индексі оның өкілдік тізіміне енгізілген акциялары бағасының олардың эмитенттерін капиталдандыру деңгейі және еркін айналыстағы акциялар үлесі есепке алынған кезде өзгеруіне көрсетеді (free float).
KASE акцияларының индексін енгізу күні индекстің бастапқы мәні ретінде KASE_Shares акциялары индексінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматы уақыты бойынша 18.00-де тіркелген мәні қабылданды.

Кезеңділігі

Индекстің өкілдік тізіміне кіретін акциялармен жасалған әрбір мәміледен кейін қайта саналады.

Уақтылығы

Сол күні.

Қамту ерекшеліктері

KASE_BY – корпоративтік облигациялардың орташа алынған (шығару көлемі арқылы) кірістілігінің индексі.
KASE_BC – корпоративтік облигациялардың таза бағаларының бағалы қағаздың номиналдық құнына пайыздармен көрсетілген жинақталған мүдде есептелмей бағалар бойынша есептелетін индексі.
KASE_BP – корпоративтік облигациялардың «кір» бағаларының облигациялар, оның ішінде төленбеген облигациялар бойынша есептелген барлық сыйақы есептеліп есептелетін индексі.
KASE_BY, KASE_BP және KASE_PC индекстерін есептеу кезінде мәмілелер бойынша орташа алынған баға (кірістілік) пайдаланылады, ал есептеу күні мәмілелер болмаған жағдайда облигацияларды сату мен сатып алудың озық баға белгілеулері арасындағы орташа мәні пайдаланылады.

Кезеңділігі

Корпоративтік облигацияммен сауда-саттықтар нәтижесі бойынша күніне бір рет есептеледі.

Уақтылығы

Сол күні.

 

KazPrime индикаторы Қазақстан үшін кредиттік сапасы барынша жақсы банктер арасындағы банкаралық нарықтың депозиттеріне ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мәнді көрсетеді.
Есебі KASE сауда жүйесіне берілетін баға белгілеулердің мәндері бойынша Алматы уақыты бойынша 10:00-ден 11:30-ға дейін жүргізіледі.

Кезеңділігі

Алматы уақыты бойынша 12:00-ге дейін.

Уақтылығы

Сол күні.

Қамту ерекшеліктері

Депозиттердің банкаралық нарығының индикаторы – Қазақстан үшін кредиттік сапасы әртүрлі банктер арасындағы банкаралық нарықтың депозиттер бойынша көрсететін мөлшерлемелер:
KIBOR – депозиттерге ақша орналастыру мөлшерлемелері бойынша орташа мән;
KIBID – депозиттерге ақша тарту мөлшерлемелері бойынша орташа мән;
KIMEAN – орналастыру және тарту мөлшерлемелері арасындағы орташа мән – индикативтік есептік көрсеткіш. Есептеу KASE сауда жүйесіне Алматы уақыты бойынша 16:00-ге дейін берілетін баға белгілеулері бойынша жүргізіледі.

Кезеңділігі

Алматы уақыты бойынша 16:00-ден кейін.

Уақтылығы

Сол күні.

Қамту ерекшеліктері

Акциялар нарығын капиталдандыру – KASE ресми тізіміне енгізілген акциялардың нарықтық құнын көрсететін индикатор.
Облигациялар нарығын капиталдандыру – KASE ресми тізіміне енгізілген облигациялардың жиынтық номиналдық құнын көрсететін индикатор. Капиталдандыру есебі қандай да болмасын бағалы қағаздар бойынша соңғы нәтижелі сауда-саттық сессиясы үшін бағалы қағаздардың орташа алынған нарықтық бағалары негізінде жүзеге асырылады.

Кезеңділігі

Алматы уақыты бойынша 17:00-ден кейін.

Уақтылығы

Сол күні.

Қамту ерекшеліктері

TONIA индикатор – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо нарығында бір күн мерзімдегі репоның орташа алынған пайыздық мөлшерлемені білдіретін ақша нарығының индикаторы.
TWINA индикаторы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен биржада автоматты репо секторында жеті жұмыс күн мерзіммен репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлемені білдіретін ақша нарығының индикаторы.

Кезеңділігі

Әрбір мәміле жасалғаннан кейін қайта саналады.

Уақтылығы

Сол күні.

Қамту ерекшеліктері

MM_Index (Money Market Index) – ақша нарығының композиттік индикаторы, ол USD/KZT валюталық своп операциялары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен бір жұмыс күніне ашылған автоматты репо операциялары бойынша мәмілелер көлемі арқылы орташа алынған пайыздық мөлшерлемелердің (кірістіліктің) орташа алынған мәнін білдіреді.
SWAP-1D (USD) – бір күндік USD/KZT валюталық своп операцияларының кірістілік индикаторы күн ішінде KASE сауда жүйесінде бір жұмыс күні мерзіміне жасалған барлық тиісті валюталық своп операцияларын ашу мәмілелері бойынша мәмілелер көлемі арқылы орташа алынған кірістілікті білдіреді.
SWAP-2D (USD) – екі күндік USD/KZT валюталық своп операциялары кірістілігінің индикаторы күн ішінде KASE сауда жүйесінде екі жұмыс күні мерзіміне жасалған барлық тиісті валюталық своп операцияларын ашу мәмілелері бойынша мәмілелер көлемі арқылы орташа алынған кірістілікті білдіреді.

Кезеңділігі

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін 17:00 – 20:00 аралығында қайта саналады.

Уақтылығы

Сол күні

Жұртшылық үшін қолжетімділік

Жарияланымдар күнтізбесін алдын ала тарату

Қабылданбайды, Күн сайынғы деректер сол күні таратылады

Барлық мүдделі  тұлғалар үшін біржолғы жарияланым

Деректер барлық мүдделі тарап үшін бір мезгілде KASE веб-сайтында жарияланады. ҚҰБ-тың KASE веб-сайтында сілтемесі бар

Толық болу

Жеке респонденттердің конфиденциалдылығын қоса алғанда ресми статистиканы жинаудың мерзімдері мен талаптарын ұсыну

KASE есептелетін барлық индекстерге қатысты күн сайынғы деректерді жариялайды

Үкіметтің деректерге жарияланғанға дейін қолжетімділігін сәйкестендіру

Қабылданбайды

Статистикалық жарияланымдар жағдайында министрліктердің түсіндірмелерін сәйкестендіру

Қабылданбайды

Қайта қарау және әдіснамадағы негізгі өзгерістердің алдын ала ескертулері туралы ақпаратты қамтамасыз ету

Түпкілікті деректер жарияланады және одан кейін қайта қаралмайды

Индекстердің есептеу әдіснамасы да KASE сайтында ұсынылады

http://www.kase.kz/geninfo/normbase/ind_met.asp

Сапа

Статистиканы дайындау кезінде пайдаланылатын әдіснамаларға және дереккөздерге қатысты құжаттаманы тарату

KASE индекстік әдіснамасына қатысты ақпарат мына сайтта қолжетімді http://www.kase.kz/geninfo/normbase/ind_met.asp

Статистикалық екі жақты тексеруді нығайтатын және дәйектілікке кепілдік беруді қамтамасыз ететін әдіснамалардағы және дереккөздердегі құжаттаманы тарату

Деректер акциялардың және облигациялардың бағалары , сауда-саттық көлемі, нарықты капиталдандыру, сұраныстың баға белгілеулері бойынша капиталдандыру және т.с. бойынша таратылады. Сондай-ақ эмитенттер туралы: меншікті капитал, жарғылық капитал, активтер, міндеттемелер және т.с. туралы ақпарат ұсынылады, бұл ақпаратқа соңғы екі жылдың жылдық немесе тоқсандық деректері кіреді

Тарату форматтары

Баспа

 

 

( ) баспаға арналған хабар

 

 

( ) күн сайынғы

( ) ай сайынғы бюллетень

( ) тоқсандық

(х) басқалары

 

 

 

 

 

Электрондық

 

 

( ) хабарландырулардың электрондық тақтасы немесе елдің дерекқоры

( ) дискеталар

( ) шағын диск

(х) басқалары

Тарату формалары

Электрондық нұсқасы:

Елдің ақпараттық сұхбат таблосы немесе дерекқоры: Интернет мекенжайы: www.kase.kz

Жоғарыға