1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

«Кеңейтілген өңірлік және жаһандық ықпалдасуға жәрдемдесуге арналған экономикалық саясат негіздері» тақырыбындағы Халықаралық Валюта Қоры мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өңірлік кездесуі (Астана қаласы, 2018 жылғы 16 мамыр).

Іс-шара барысында Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі интеграциялық процестерді дамытуға ықпал еткен бірлескен бастамалар; ықпалдасудың барынша жоғары дәрежесіне жету жолында Кавказ және Орталық Азия елдерінің еңсеруі тиіс негізгі қиындықтары; макро ортаның интеграцияға әсер етуі және әлеуеттік тәуекелдердің азаюы; жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктердің артықшылықтары, оның ішінде Кавказ және Орталық Азия елдері үшін «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберіндегі артықшылықтар, сондай-ақ «Бір белдеу – бір жол» бастамасын іске асыру кезінде оң әсерге ықпал ететін саяси бағдар; сауда мен инвестицияларды ынталандыруға және ұлттық билік органдарының инклюзивтік өсуін қамтамасыз етуге қажетті құрылымдық реформалар сияқты өңірдегі ықпалдасудың ағымдағы мәселелері талқыланды.  

Іс-шараға қатысушылар ХВҚ мен Ұлттық Банктің Өңірлік кездесуінің платформасы Кавказ және Орталық Азия елдері үшін экономикалық дамудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасуға арналған ыңғайлы алаң болғанын атап өтті.

 

Жоғарыға