1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 4–11 қыркүйек аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сауда-саттық қорытындысы бойынша 11 қыркүйекте теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 1,3%-ға (420,76-дан) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 426,29 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 4–11 қыркүйек аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ Президенті шетелде жұмыс орындарын құратын компанияларға баж салығын енгіземін деп қорқытып, ҚХР-мен экономикалық байланыстарды шектеуге ниетті екенін мәлімдеді. AstraZeneca қатысушылардың біріне жағымсыз салдарынан кейін коронавирустық вакцинаны сынауды тоқтатты. Ұлыбритания Премьер-министрі 2020 жылғы қаңтарда қол жеткізілген ЕО-мен жасалған шарттың талаптарын біржақты өзгертуді көздейтін ішкі нарықтар туралы заң қабылдауды жоспарлап отыр. Еуропалық орталық банк отырыс қорытындысы бойынша кредиттер бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемені нөлдік деңгейде, депозиттер бойынша мөлшерлемені минус 0,5% деңгейінде сақтап қалды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:

  • Мексика песосы Үкімет шығыстарды ұлғайтпай ұсынған 2021 жылға арналған бюджет және Moody's рейтингтік агенттігінің инвестициялық рейтингін жоғалтқан елдермен салыстырғанда елдің әлдеқайда күшті макроэкономикалық жағдайы туралы түсініктемелері аясында 1,3%-ға (21,55-тен 21,28-ге дейін) нығайды;
  • Ресей рублі ФҚО сәтті аукциондары – Қаржы министрлігі 158,5 миллиард рубль тартты, онда сұраныс ұсыныстан 2 есе асып түсті, сондай-ақ мөлшерлемені төмендету циклінде ықтимал тоқтата тұру туралы РФ ОБ белгілері аясында 0,7%-ға (75,43-тен 74,91-ге дейін) нығайды; 
  • Бразилия реалы АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленістің және вакцина туралы алаңдаушылықтың артуына байланысты инвесторлардың жаһандық тәуекел дәрежесінің төмендеуі аясында 0,4%-ға (5,3-тен 5,32-ге дейін) әлсіреді. Ел Президенті Үкіметпен ұлттық валютаның әлсіреуін тоқтату жөніндегі шараларды үнемі талқылап жатқанын мәлімдеді;
  • үнді рупиясы ҚХР мен Үндістан арасындағы шекаралық дау-дамайға байланысты шиеленістің сақталуы аясында 0,5%-ға (73,14-тен 73,54-ке дейін) әлсіреді;
  • түрік лирасы Д. Трамптың Қытайға берген түсіндірмелеріне байланысты сентименттің нашарлауы аясында 0,5%-ға (7,44-тен 7,48-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды 0,8%-ға (16,6-дан 16,74-ке дейін) әлсіреді. Елдің ІЖӨ 51%-ға т/т төмендеді – 1990 жылдан бергі ең жоғары төмендеу;
  • Индонезия рупиясы ел астанасында жаңа карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты инвесторлардың экономиканың өсуіне байланысты қауіптенуі аясында ОБ спот және DNDF нарығындағы валюталық өктемдіктерге қарамастан 0,9%-ға (14 750-ден 14 890-ға дейін) әлсіреді.

Толығырақ ақпарат БАҚ өкілдері үшін мына телефон арқылы қолжетімді:
+7 (717) 2 775 205
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

Жоғарыға