1477

Байланыс орталығы

Жұмыс күндері, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін

2020 жылғы 29 мамыр–5 маусым аралығында жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 29 мамыр – 5 маусым аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Дамушы елдердің валюталары АҚШ пен ҚХР арасындағы шиеленісушілік белгілеріне және АҚШ-тың көптеген елдеріндегі тәртіпсіздіктерге қарамастан нығайды. АҚШ-тың Еңбек министрлігі мамырда жұмыспен қамту туралы жағымды есеп жариялаған – ауыл шаруашылыққа жатпайтын салалардағы жаңа жұмыс орындарының өсімі 2,5 млн (7,5 млн-ға қысқаруды күту кезінде) болды, жұмыссыздық деңгейі 13,3%-ға (оның 19%-ға ұлғаюын күту кезінде) төмендеді, бұл күтулерге қарағанда, экономиканың неғұрлым тез қалпына келуі туралы белгі береді. ЕОБ 600 млрд еуроға сандық жеңілдету бағдарламасын ұлғайтқаны туралы мәлімдеді, облигацияларды сатып алу бағдарламасының қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың соңынан бастап 2021 жылғы маусымға дейін ұзартылды.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • Бразилия реалы Президенттің Жоғарғы сот Төрағасын сайлау рәсіміне қатысатыны туралы хабарлмадан кейін үкімет пен Жоғарғы сот арасындағы қайшылықтар туралы белгілер аясында 7,1%-ға (5,34-тен 4,96-ға дейін) нығайды.
  • Индонезия рупиясы МБҚ орналастыру бойынша сәтті аукцион өткізу аясында 5%-ға (14 610- нан 13 878-ге дейін) нығайды – сұраныс $7,2 млрд, ұсынылған көлемнен 4 есе көп болды, бұл инвесторлардың жергілікті активтерге қызығушылығының қайта оянғанын білдіреді.
  • Оңтүстік Африка ранды инвесторлардың тәуекел сегментінің жақсаруы және АҚШ доллары бағамының жаһандық төмендеуі аясында 3,8%-ға ( 17,55-тен 16,88-ге дейін) нығайды;
  • Мексика песосы карантин шараларын біртіндеп жеңілдету, экономикалық белсенділікті қалпына келтру және жаһандық инвесторлардың тәуекелді активтерге қайта қызығушылығы аясында 2,7%-ға (22,18-ден 21,58-ге дейін) нығайды.
  • Ресей рублі ОПЕК+ министрлерінің белгіленген кездесуі туралы хабарламалар салдарынан мұнай бағасы өсуінің жалғасуы аясында 2,1%-ға (70,14-тен 68,7-ге дейін) нығайды.
  • Түрік лирасы ұлттық валютаны әлсіреуден қорғау шаралары аясында 0,7%-ға (6,82-ден 6,77-ге дейін) нығайды – Үкімет ең кемі 80% қаражатты валюталық активтерге инвестициялайтын хедж-қорларға 15%-дық салық енгізді және болашақта осындай хедж-қорлардың қызметіне рұқсат бермейтін болады;
  • Үнді рупиясы Moody’s рейтінгтік агенттігінің кронавирустың экономикаға және фискалдық саясатқа теріс әсері салдарынан жағымсыз болжамдармен елдің тәуелсіз рейтінгін Baa2 деңгейіне дейін (алып-сатарлық деңгейден бір саты жоғары) қайта қарау туралы шешіміне қарамастан 0,1%-ға ( 75,62-ден 75,58-ге дейін) нығайды.

Жоғарыға